ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ РЕГЛАМЕНТІ (GDPR) ТАЛАПТАРЫН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_174Кілт сөздер:
дербес деректер, дербес деректерді сақтау мерзімдері, дербес деректерді жинау және өңдеу, GDPR регламенті, ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңы, жеке өмірге құқық, адам құқықтары, дербес деректерді қорғау құқығыАңдатпа
Жеке өмірдің құпиялылығына құқық – адам мен азаматтың негізгі құқықтарының бірі. Бұл құқық халықаралық құқықтық құжаттарда және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Сандық технологиялардың дамуы жағдайында аталған құқықты реттеу және жүзеге асыру аспектілері ерекше өзектілікке ие болуда.
Бұл мақалада Еуропалық Одақта дербес деректерді қорғауға қатысты нормаларды бекітетін нормативтік актілер және олардың Қазақстан заңнамасына имплементациялау перспективалары, сондай-ақ құқық қолдану практикасы қарастырылады. Авторлар Қазақстандағы дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау мерзімдерін жүзеге асыру ерекшеліктерін GDPR талаптары тұрғысынан зерттейді.
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамалық жағдайының салыстырмалы талдауы жүргізіледі. Осы талдаудың негізінде заңнамалық актілер нормаларын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жасалған. Зерттеу нәтижесінде ЕО мен ҚР-дағы дербес деректерді құқықтық реттеуде олқылықтардың бар екендігі анықталды. Авторлар GDPR талаптарында да, Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасында да ақпаратты сақтау мерзімінің нақты белгіленбегенін атап көрсетеді. Алайда, GDPR жағдайында заңнамалық белгісіздікті өтейтін прецеденттік практика бар, ал Қазақстан заңнамасында мұндай олқылық жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Дербес деректерді қорғау мәселесі нақты сот істерінің негізінде талданады. Авторлар Қазақстан заңнамасының еуропалық заң шығару тәжірибелеріне бағдарлануы ел азаматтарының жеке өмірдің құпиялылығы құқығы саласындағы қорғалу деңгейін арттыра алатынын атап өтеді.