ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРУ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛЫ

Авторлар

  • Анар изпи
  • Асқар Ерсейітұлы Бектенов

Кілт сөздер:

сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру, сақтандырудың кепілдік берілген түрлері, сақтандыру нарығын дамыту, сақтандыру заңнамасын шоғырландыру, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, құқықтық мониторинг

Аңдатпа

 «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Құқықтық мониторинг орталығы 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңының тиімділігіне талдау жүргізді.

Мақалада өткен ғасырдың көрнекті ғалымдарының, саяси қайраткерлерінің халықтың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз етудің қаржылық құралдарының бірі ретінде сақтандыруға деген ұстанымы мен қатынасы көрсетілген. Сақтандыру саласындағы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру институтының қажеттілігі, маңыздылығы, рөлі және мақсаты көрсетілген. Сақтандыру саласында қолданыстағы заңнаманы талдау, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру институтының жүйелілігі мен әлеуметтік маңыздылығы, сондай-ақ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері мен серпіні келтірілген. Бұдан басқа, сақтандыру төлемдерін кепілдендірудің қазақстандық моделінің ерекшеліктеріне, осы салада қолданылатын мемлекеттік реттеу нысандары мен құралдарына байланысты мәселелер қаралды.

Талдау барысында анықталған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің кемшіліктері, заң нормалары мен өзге де заңдар арасындағы қайшылықтар, заң-лингвистикалық сипаттағы кемшіліктер, сондай-ақ редакциялық түзетуді талап ететін нормалар баяндалған.

Талдау қорытындысы бойынша ұлттық және шетелдік заңнаманы талдау негізінде әзірленген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру саласындағы ұлттық сақтандыру заңнамасын жетілдіру және дамыту бойынша нақты шаралар ұсынылды. Қазақстан Республикасы заңнамасының бірлігін, тұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету үшін сақтандыру заңнамасын шоғырландыру қажеттігі негізделген. Сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру қызметтерінің нарығын оның қол жетімділігін қамтамасыз ету (сақтандыру саласында қаржылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін) және одан әрі дамыту құралы ретінде монополиясыздандыру, сондай-ақ сақтандыру қызметтері нарығында тікелей мемлекеттік қатысудан дәйекті бас тарту мәселесі қаралды

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Анар, & Бектенов, . А. Е. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРУ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/177

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг