ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТӨНЕТІН ҚАТЕРЛЕР

Авторлар

  • Ботагоз Аспандиаровна Умитчинова Қазақстан-Американдық еркін университеті
  • Юлия Александровна Гаврилова Қазақстан-Американдық еркін университеті https://orcid.org/0000-0002-1096-4079
  • Галина Анатольевна Мензюк https://orcid.org/0000-0003-4597-7459

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_37

Кілт сөздер:

жеке деректер, жасанды интеллект, құпиялылық, автоматтандырылған шешім қабылдау, генеративті ЖИ

Аңдатпа

Жасанды интеллект технологияларының айтарлықтай ілгерілеуі қоғамдық өмірдің көптеген салаларында даму мүмкіндіктерін кеңейтеді, бірақ сонымен бірге қауіпсіздікке, соның ішінде жеке деректерді ЖИ-пен өңдеу кезінде қауіп төндіреді. Мақалада жасанды интеллектті дамыту жағдайында дербес деректерді қорғауды реттеудің құқықтық аспектілері қарастырылады, құпиялылықты қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі талданады және Қазақстан Республикасындағы жеке деректерді құқықтық қорғаудың қазіргі жағдайы бағаланады.

Зерттеу ЕО, АҚШ, Қытай және Қазақстанның жеке деректерді қорғау саласындағы заңнамасын салыстырмалы құқықтық талдауға негізделген және ЖИ-ті реттеуіндегі айырмашылықтар және осы юрисдикциялардағы құпиялылық құқығын тану дәрежесі талданған. ЕО-да жеке деректер GDPR шеңберінде реттеледі, ол оларды қорғауды жеке тұлғаның ажырамас құқығы ретінде қарастырады. АҚШ-та көзқарас бірыңғай емес және штат деңгейінде айқындалады, бұл құқықтық реттеудің фрагментациясына алып келеді. Қытай, керісінше, деректерді өңдеуді ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бақылайды, бұл азаматтардың жеке деректерін қорғау құқықтарының ауқымын шектейді.

Мақалада Қазақстан Республикасында құқық қолдану практикасының түйінді мәселелері, оның ішінде дербес деректерді қорғау құқығын конституциялық танудың жоқтығы, автоматтандырылған шешімдер қабылдауды реттеудің жеткіліксіздігі және ЖИ қабылдаған шешімдерді «түсіндіру құқығы» тетігінің жоқтығын анықталды. ЖИ шешімдерінің түсіндірілуін қамтамасыз ететін құқықтық нормаларды енгізуді, автоматтандырылған жүйелерде дербес деректерді қорғауды күшейтуді, ұлттық нормаларды халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтитын құпиялылықты қорғауды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша шаралар ұсынылады. Алынған нәтижелер Қазақстанның ЖИ және дербес деректер саласындағы заңнамасын жетілдіру үшін, сондай-ақ цифрлық технологияларды құқықтық реттеу саласындағы одан әрі зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

01.10.2025

##submission.howToCite##

Умитчинова, Б. А. ., Гаврилова, Ю. А. ., & Мензюк, Г. А. (2025). ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТӨНЕТІН ҚАТЕРЛЕР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(3). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_37