БАЛАЛАР САУДАСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІН ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІН ТАЛДАУ: ҚАЗІРГІ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_176Кілт сөздер:
балалар саудасы,, құқықтық механизмдер, қазіргі құқық теориялары, халықаралық құқық, бала құқықтарын қорғау, алдын алу шараларыАңдатпа
Мақалада балалар саудасының себептері мен оның алдын-алудың құқықтық тетіктері қазіргі заманғы құқықтық теориялар тұрғысынан жан-жақты талданған. Бұл құбылыстың пайда болуына әкелген негізгі әлеуметтік-экономикалық, криминологиялық және институционалдық факторлар қарастырылады. Халықаралық және ұлттық заңнамадағы олқылықтарға, сондай-ақ нормативтік, нақты және табиғи құқықтық тәсілдерді ескере отырып, оны жетілдіру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.
Бала саудасы отбасылық қиындықтар, кедейлік, әлеуметтік теңсіздік, жеткіліксіз құқықтық қорғау және ата-ана қамқорлығының болмауы салдарынан кең етек жаюда. Қылмыскерлер көбінесе өте кедей отбасылардан шыққан немесе ата-аналары мен қамқоршылары тастап кеткен балаларды нысанаға алады. Қақтығыстар, экономикалық дағдарыстар және экологиялық апаттар балаларды, әсіресе қараусыз қалған және жалғыз жүрген жас мигранттарды осал жағдайға ұшыратады.
Адам саудагерлері балалармен байланысу, пайдалану және бақылау үшін онлайн платформаларды, әлеуметтік желілерді және қараңғы желіні пайдаланады. Заманауи технологияны пайдалана отырып, олар өздерінің кім екндігін жасыра алады және де зорлық-зомбылық мазмұнды контентті желіде таратады. Балалардың интернет пен әлеуметтік желілерді бақылаусыз пайдалануы, көбінесе тиісті қауіпсіздік шараларынсыз, оларды қанау қаупіне одан әрі ұшыратуы мүмкін.
Бала саудасы мәселесін талдайтын қазіргі құқықтық теориялар бұл құбылысқа одан да жан-жақты көзқарас ұсынады. Олар дәстүрлі құқықтық әдістерді заманауи әлеуметтік, экономикалық және технологиялық факторлармен үйлестіруге бағытталған. Бұл балалар саудасына қарсы күрес контекстіндегі қазіргі құқықтық теорияның негізгі тәсілдері мен бағыттарын қарастырады. Мақалада балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін нығайту, тиімді алдын алу шараларын әзірлеу және озық халықаралық тәжірибені үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірленген.
Зерттеу нәтижелері заңгерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, Адам құқықтарын қорғау жөніндегі мамандарға және балалар саудасына қарсы мемлекеттік саясатты құрастырушыларға пайдалы болуы мүмкін.