ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ҚАРЖЫ СЕКТОРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_292Кілт сөздер:
электрондық ақша, қолма-қол ақшасыз ақша, эмитент, электрондық төлем жүйелері, қолдану, цифрландыруАңдатпа
«Электрондық ақша» институтын құқықтық қамтамасыз ету тақырыбын қарау цифрландыруды дамыту және электрондық төлемдерді жүзеге асыру және оларды реттеу жүйелерін қолдану саласындағы жаңа технологиялардың пайда болуы тұрғысынан ұлттық заңнама ережелерінің мазмұны мен қолданылуын зерделеуге бағытталған. Электрондық ақшаны енгізу АҚШ пен Еуропада халықаралық төлем жүйесін әзірлеу негізінде мүмкін болды. Зерттелетін институттың мазмұны ақшалай міндеттеме ретінде, төлем құралы ретінде, сондай-ақ басқа аспектілерде осы саладағы отандық және шетелдік зерттеушілердің идеялары негізінде қарастырылады. Мақала авторлары электрондық ақшаны қолма-қол ақшасыз ақшаның ерекше түрі ретінде анықтауға қатысты пікірді қолдайды, соның негізінде электрондық ақшаның мазмұны оларды пайдалану салаларының кеңеюіне байланысты көлемді болады. Жұмыста электрондық ақшамен жүргізілетін операциялар санының тұрақты өсуін дәлелдейтін статистикалық материалдар келтірілген. Бұл цифрландырудың, ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты, ол қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қалыптастыру және қабылдау арқылы уақтылы әрекет етуді талап етеді. Электрондық ақшаны пайдалану процесіне қатысушыларды анықтауға қатысты мәселе де өзекті болып табылады, атап айтқанда, бұл электрондық ақша эмитенттеріне қатысты. Бұл электрондық ақшаны шығарудың заңдылығын және оларға деген сенімді анықтайды. Авторлар электрондық ақша эмитентін айқындау бөлігінде мемлекеттердің халықаралық тәжірибесін, сондай-ақ ұлттық заңнаманың ережелерін және осы мәселе бойынша қазіргі кездегі жай-күйін келтіреді. Мақалада әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің бір-біріне сәйкессіздіктері мен түсініксіздіктерді анықтау мақсатында заңнаманың ережелеріне талдау жасалады, сондай-ақ олардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін электрондық ақшаны қолдану жолдары ұсынылады. Зерттелетін институтты пайдалануды дамыту перспективаларының ішінде қатысушылар мен электрондық ақшаны қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ сенімді қауіпсіздік шараларын қалыптастыру арқылы деректерді қорғау тетігін жетілдіру айқындалады.

