ГЕОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ОБЪЕКТІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_68Кілт сөздер:
жер қойнауы, геологиялық ақпарат, айрықша мемлекеттік меншік, стратегиялық объектілер, бастапқы геологиялық ақпарат, құжатталған геологиялық ақпарат, авторлық құқық объектісі, геологиялық ақпаратқа мемлекеттің мүліктік құқығы, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат қоры, геологиялық ақпарат иесіАңдатпа
Мақаланың зерттеу пәні ретінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге неғұрлым ұқсас көзқарастары бар кейбір ТМД елдерінің жер қойнауы туралы заңнама нормалары және геологиялық ақпаратқа арналған доктриналдық қайнар көздер болды. Ғылыми жұмыстың мақсаты – жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың азаматтық құқықтардың ерекше объектісі ретінде танылу туралы тезисті негіздеу және осы құқықтық институттың ерекшеліктерін негіздейтін жағдайларды анықтау.
Осыған байланысты ғылыми зерттеу әдістемесі жалпы ғылыми (жүйелік, құрылымдық-функционалдық, тарихи, талдау және синтездік), жеке құқықтық ғылыми (салыстырмалы-құқықтық) және арнайы (формальды-құқықтық, құқықтық нормаларды түсіндіру) ғылыми әдістердің жиынтығын қамтиды.
Жұмыстың нәтижелері ғылыми зерттеу мақсатына негізделеді және азаматтық құқықтар объектілерінің осы санатына ғана тән қарастырылатын ерекшеліктері туралы автордың дәлеленген ұстанымдарын білдіреді. Мақалада қарастырылған ережелердің көпшілігі ТМД елдерінің және оның ішінде Қазақстанның доктринасында зерттеу нысаны болған жоқ.
Геологиялық ақпаратты құқықтық анықтаудағы олқылықтар туралы ғылыми зерттеулердің алынған нәтижелері, оның мемлекеттің меншік құқығымен ажырамас байланысының анықталған белгілері мен негіздемесі азаматтық құқық ғылымының және онымен байланысты салалардың бар жетістіктерін байытады; қаралатын мәселелер бойынша ТМД елдерінің заңнамасын жетілдіруге негіз бола алады; одан әрі ғылыми зерттеулерге негіз ретінде қолдануға болады.
Қорытынды: геологиялық ақпарат – мемлекеттік деректер қорында сақталатын және мемлекеттік бақылаумен қамтамасыз етілген, ұлттық, оның ішінде экономикалық, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар стратегиялық объектілер туралы ақпараттық ресурстардың реттелген жүйесі. Азаматтық айналымда ерекше маңызға ие құжатталған геологиялық ақпарат, олардың сипаттамалары құқықтық доктринада жеткілікті түрде дамымаған.