САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕР ТАРИХЫ ҒЫЛЫМЫ ҚҰҚЫҚТАНУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_7Кілт сөздер:
заң ғылымы, іргелі құқықтану, ғылым әдістемесі, саяси және құқықтық ілімдер тарихыАңдатпа
Мақалада саяси және құқықтық ілімдер тарихының мазмұны мен маңызы құқықтанудың іргелі ғылымы ретінде тану жайы ашылып көрсетіледі. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы үшін негізгі мәнге ие ұғым – «ілім». Бұл ұғым белгілі бір құрылымның болуын көздейді: логикалық-теориялық (әдіснамалық) негізді, мазмұны мен бағдарламасын. Ілімнің осы үш компоненті өзара тығыз байланысты, бұл саяси-құқықтық идеология саласындағы әрбір туындыны логика, фактілік негізділік, тұжырымдардың шынайылығы тұрғысынан, сондай-ақ доктринаның құндылықты компонентін ескере отырып бағалауға мүмкіндік береді.
Саяси және құқықтық ілімдердің тарихы – тарихи ғылым. Саяси-құқықтық тұжырымдамаларды зерттеу дәуірдің тарихи оқиғаларына сүңгу аясында жүреді – доктринаның мазмұнын бағалау үшін оның қалыптасуының әлеуметтік және саяси жағдайларын, сондай-ақ оның кейінгі трансформациясына әсер ететін сыртқы жағдайларды түсіну маңызды.
Саяси және құқықтық ілімдердің тарихы тек тарихи ғана емес, сонымен қатар жүйелі ғылым болып табылады. Дәуірдің құқықтық санасының ерекшеліктерін зерттей отырып, ол әлеуметтік-саяси мәселелерді шешудің жүйелі тәсілдерін қалыптастырады. Бұл ғылым білімді жинақтау мен таратудың кумулятивті процесі болып табылмайды. Саяси және құқықтық ілімдер тарихында нақты деректер ауқымды болғанымен, идеялардың жинақталуы жүзеге аспайды. Доктринаны талдай отырып, кейінгі теориялық ой алдыңғысына қарағанда міндетті түрде салмақтырақ, маңыздырақ немесе прогресивтірек деп айтуға болмайды.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымы – мемлекетті және құқықты теориялық танудың үлгілерін жасайтын ғылым. Барлық саяси-құқықтық доктриналар құқықтық ойлаудың баламалы нұсқалары ретінде қызығушылық тудырады, олардың негізділігі мен өзектілігі қоғамның, құқық пен мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріндегі сұраныс деңгейімен айқындалады.
Саяси-құқықтық шындықтың мәнін түсініп, мұндай мәселелерді алдыңғы дәуірлерде шешу тетіктерін білу арқылы тек нақты-тарихи ілімдерді бағалап қана қоймай, қазіргі саяси-құқықтық құрылымды өзгерту парадигмаларын да жасауға болады.