ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МОРАЛЬДЫҚ АСПЕКТІСІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_382Кілт сөздер:
тұрмыстық зорлық-зомбылық, этика, мораль, адам құқығы, әділеттілік, теңдік, отбасы құндылықтары, әлеуметтік жауапкершілік, құрбандарды қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алуАңдатпа
Мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және моральдық қырлары кеңінен талданады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – тек жеке адамның құқықтарын бұзу ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы моральдық нормалар мен отбасылық құндылықтарға қауіп төндіретін көпқырлы құбылыс. Зерттеу барысында зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық), олардың қоғам мен отбасы құрылымына әсері, сондай-ақ оның себептері мен салдарлары жан-жақты қарастырылады. Автор моральдық құндылықтардың әлсіреуі, гендерлік теңсіздік, отбасындағы рөлдік стереотиптер, әлеуметтік қолдау жүйесінің жеткіліксіздігі мен құқықтық механизмдердің әлсіздігі сияқты факторлардың тұрмыстық зорлық-зомбылықты өршітуіне ықпал ететінін атап өтеді. Сонымен қатар, зерттеуде Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі заңнамалар, олардың тиімділігі, әлеуметтік қызметтер мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы талданады. Жұмыс барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы моральдық және рухани тәрбиенің, адамгершілік қағидаттардың орны ерекше екені көрсетіледі. Отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластық, қоғамдағы тең құқықтылық пен әділеттілік қағидаларын насихаттау зорлық-зомбылықты төмендетудің маңызды жолы ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері бұл мәселеге қоғам болып назар аудару қажеттігін және оның алдын алу үшін кешенді тәсілдер қолдану керектігін дәлелдейді.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған заңнамалық және институционалдық шаралардың тиімділігі, олардың жетілдірілу жолдары ұсынылады. Автор мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, білім беру ұйымдарының және дін өкілдерінің бұл мәселеге қатысты ортақ іс-қимыл танытуы қажеттігін баса айтады. Жұмыстың нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік және моральдық стратегияларды қалыптастырудың маңыздылығы дәлелденеді.

