МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_348Кілт сөздер:
мүгедектік, мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар бала, әлеуметтік қорғау, мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікАңдатпа
Осы ғылыми мақалада Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды құқықтық қамтамасыз етудің проблемалық аспектілеріне жан-жақты талдау жүзеге асырылады. Қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі барлық азаматтар үшін құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігі қағидатын іске асыру қажеттілігімен де, мемлекеттің адам құқықтары саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін тиісінше орындауға ұмтылуымен де байланысты болып табылады. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын және оған Факультативтік хаттаманы ратификациялауына ерекше мән беріледі, бұл ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен және үздік тәжірибелермен жүйелі үйлестіруді талап етеді.
Зерттеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды, сондай-ақ мүгедек адамдардың құқықтық мәртебесі мәселелеріне маманданған отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектерін талдауға және салыстыруға негізделеді. Мақаланың мақсаты қолданыстағы заңнаманың негізгі мәселелерін анықтау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған оны жетілдіру бойынша дәлелді ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Зерттеу барысында формальды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және логикалық талдау әдістері қолданылды. Жұмыс аясында мүмкін болатын өзекті анықтамаларды тұжырымдай отырып, «мүгедектігі бар адам» және «мүгедектігі бар бала» ұғымдарын анықтауға қатысты теориялық-құқықтық тәсілдер қарастырылады. Мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілік мәселесіне, оның ішінде оны қолданыстағы заңнамада бекіту қажеттілігі мәселесіне ерекше назар аударылады.
Мақалада тұжырымдалған қорытындылар мен ұсыныстар заң шығару қызметінде, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауда, ғылыми зерттеулер мен құқық қолдану тәжірибесінде қолданыла алады.

