ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ОРГАНИКАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: РЕТТЕУ, СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ КЕДЕРГІЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_251Кілт сөздер:
экспорт, импорт, ауыл шаруашылығы, уыл шаруашылығы өнімдері, Қазақстан, Қытай, құқықтық реттеулер, сауда кедергілері, субсидияАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасында органикалық ауыл шаруашылығын құқықтық реттеуді жан-жақты салыстырмалы-құқықтық талдауға арналған. Зерттеу қазіргі таңда тұрақты агроөндіріс пен экологиялық қауіпсіз азық-түлік жүйелеріне жаһандық сұраныстың артуы жағдайында жүргізіліп отыр. Негізгі назар екі елде органикалық өнімді сертификаттау, стандарттау және экспорттау салаларын реттейтін құқықтық нормаларды салыстырмалы талдауға, сондай-ақ екіжақты сауданың тиімділігіне кедергі келтіретін институционалдық және рәсімдік тосқауылдарды анықтауға аударылады.
Авторлар Қазақстандағы органикалық сектордың қалыптасу динамикасын, мемлекеттік қолдау шараларын, қабылданған заңнамалық және нормативтік актілерді, сондай-ақ сертификатталған шаруашылықтардың өсу қарқынын қарастырады. Ішкі құқықтық реттеудің белсенді дамуына қарамастан, Қазақстан Codex Alimentarius, IFOAM сияқты халықаралық стандарттарға және Қытайдың қатаң сертификаттау талаптарына (COPC) бейімделуге қатысты бірқатар мәселелерге тап болып отыр. Құқықтық базаны қалыптастырудағы ілгерілеушілікке қарамастан, Қазақстан халықаралық стандарттарға және жиі неғұрлым қатаң болып келетін Қытайдың сертификаттау талаптарына бейімделу қажеттігін қоса алғанда, бірқатар қиындықтарға тап болып отырғаны көрсетілді.
Сонымен қатар, Қытай заңнамасы ішкі нарықты және органикалық өнімдердің импортын тиімді реттеуге мүмкіндік беретін жоғары деңгейде стандартталған әрі цифрландырылған жүйе ретінде сипатталады. Салыстырмалы тәсіл арқылы экспорт-импорт операцияларының ерекшеліктері, құқықтық база және мемлекеттік субсидиялардың саудаға әсері талданады. Екі ел арасындағы тауар айналымы бойынша өзекті деректер қарастырылады, негізгі құқықтық кедергілер айқындалып, оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар ұсынылады.