ҚАҚТЫҒЫСТАР МЕН ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯНЫҢ (БІТІСТІРУШІЛІКТІҢ) КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_204Кілт сөздер:
халықаралық құқық, медиация, бітістірушілік, дау, тартысАңдатпа
Қазіргі әлемде халықаралық қатынастар одан әрі тығыздалып, саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларды қамти отырып, дауларды бейбіт жолмен шешу механизмдеріне сұраныс артып келеді. Халықаралық қоғамдық құқықтың негізгі принциптерінің бірі – дауларды бейбіт жолмен реттеу болып табылады. Бұл мақалада халықаралық медиация (делдалдық) институтының мәні, құқықтық табиғаты және оның халықаралық дауларды шешудегі рөлі қарастырылады. Медиация – бұл бейтарап делдалдың көмегімен тараптардың өзара келісімге келуін қамтамасыз ететін процедура, оның ерекшеліктері – еріктілік, құпиялылық және процедураның икемділігі. Медиация халықаралық құқықта формальды түрде реттелмеген, ол тараптардың өзара келісіміне негізделеді. Мақалада халықаралық тәжірибе, оның ішінде Қазақстанның да делдалдық қызметіндегі орны талданады. Сонымен қатар, Сингапур конвенциясының маңызы мен оны Қазақстанда іске асыру мәселелері қарастырылады. Қорытындысында, медиацияның халықаралық және ұлттық құқықтағы рөлі, оның дамуы мен институционалдануы мемлекеттер арасындағы дауларды тиімді және бейбіт түрде шешуге ықпал ететіні атап өтіледі.

