ҚЫЛМЫСКЕР-МИГРАНТТЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Кілт сөздер:
мигрант, мигранттардың қылмысы, психологиялық сипаттамасы, қылмыстық әрекеттің уәждемесі, қылмыстың алдын-алуАңдатпа
Замаңауи әлемге тән жаһандық құбылыстар көші-қон процесстерінің артуымен қатар жүреді. Бұл процестердің туындау себептері әртүрлі: саяси, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және басқа болуы мүмкін. Адамдардың бір елден екінші елге айтарлықтай көшу ағыны байқалады. Соның нәтижесінде реципиент ел еңбек мигранттарының ағымынан оң дивидендтермен қатар белгілі теріс салдарларға да тап болуы мүмкін. Бұл жекелеген өңірлерде, сонымен қатар жалпы ел бойынша әлеуметтік шиеленістің өршуінен, криминогендік жағдайдың нашарлауынан байқалады. Осының бәрі көші-қон процестерінің құқықтық табиғатын зерделеу, осы өзекті мәселені зерделеу бойынша криминологиялық зерттеу жүргізу қажеттігін болжайды.
Аталған мақалада Қазақстан Республикасындағы көшіп келген қылмыскердің жеке басының криминологиялық ерекшеліктерінің мәселесі оның психологиялық сипаттамасымен бірге көрсетілген. Көшіп-қонушылардың бейтаныс, бөтен ортада болуы жағдайында адамдардың мінез-құлқына әсер ететін психологиялық факторлардың мәні күшейтілген. Көшіп келушілердің жаңа тыныс-тіршілік жағдайларына әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, тілдік, менталдық және басқа кедергілердің болуы бейімделу процестерін қиындатады.
Автор көшіп келуші қылмыскердің қылмыстық әрекеттерін уәждеудің объективті және субъективті себептеріне назар аударады және олардың психологиялық жағдайларын анықтайды.
Мақалада көшіп келушілер арасында тиімді профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін қоныс аударған қылмыскердің психологиялық сипаттамасын жасау қажеттілігі мен маңыздылығына қорытынды берілген.
Мемлекеттің және қоғамның дұрыс жоспарланған және үйлестірілген қызметі, сонымен қатар дұрыс қылмыс-құқықтық саясаты, автордың пікірінше, қоғамда көшіп келушілердің себебінен болатын әлеуметтік шиеленістің төмендеуіне, елдегі криминогендік жағдайды жақсартуға ықпал етеді