ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАРИЯЛАНЫМДАРҒА ШОЛУ

Авторлар

  • Сырым Жанмуратович Жанжигитов Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ
  • Алтын Куанышбековна Бакытжанова Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институты
  • Болат Кенелұлы Сыздық

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_409

Кілт сөздер:

лингвистика, лингвистикалық сараптама, мәтін, ғылыми жарияланым, Scopus, заң тілі

Аңдатпа

Мақала қазіргі заманғы ғылыми кеңістіктегі лингвистикалық сараптама мәселелерін талдауға бағытталған. Бұл тақырыптың өзектілігін 2000 жылдан 2023 жылға дейін «лингвистикалық сараптама» кілт сөзі бойынша Scopus дерекқорында тіркелген мақалалар санының 12-ден 160-қа дейін өсуі дәлелдейді.

Мақаланың мақсаты – 2000-2023 жылдар аралығындағы ғылыми жарияланымдарды кешенді саралау арқылы лингвистикалық сараптама саласындағы негізгі үрдістер мен бағыттарды айқындау. Зерттеу әдіснамасы ауқымды деректерді жинақтау мен ғылыми ізденістердің сандық көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін SPSS цифрлық құралын пайдалана отырып статистикалық талдау жүргізуді қамтиды.

Зерттеудің басты жаңалығы2000–2023жылдар аралығында Scopus базасына енген лингвистикалық сараптамаға қатысты барлық жарияланымды қамтып, оларды жанрлық ерекшеліктері, авторлық ынтымақтастық үлгілері және пәнаралық бағыттар бойынша жанжақты жүйелеу. Мұндай әдіс алғаш рет лингвистикалық сараптама саласындағы сандық өсімнің ғана емес, сапалық өзгерістердің де динамикасын ашып көрсетті. Нәтижесінде лингвистикалық сараптаманың сипаттамалық талдаудан жасанды интеллектке, корпус лингвистикасына және құқықтық лингвистикаға негізделген құралдық модельдерге қарай бетбұрыс жасағаны дәлелденді.

Мақаланың теориялық маңызы лингвистикалық сараптама мәселесіне қатысты көпсалалы зерттеулерді жүйелеп, қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан ғылыми қызығушылықты тереңірек түсінуге ықпал етуінде. Практикалық маңызы алынған нәтижелердің қоғамдық, гуманитарлық, компьютерлік және психологиялық ғылымдар салаларында кеңінен қолданылу мүмкіндігімен анықталады.

Қорытындылар лингвистикалық сараптаманың қазіргі кезеңдегі маңыздылығын және оның пәнаралық зерттеулерді дамытудағы әлеуетін айғақтады. Зерттеу нәтижелері бұл бағыттағы ғылыми ізденістерді одан әрі жандандырудың қажет екенін көрсетіп, түрлі білім салалары үшін лингвистикалық сараптаманың перспективалы екенін дәлелдеді.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының жетекші ғылыми қызметкері

Болат Кенелұлы Сыздық

Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының басшысы

##submission.downloads##

Жарияланды

23.12.2025

##submission.howToCite##

Жанжигитов S. Z., Бакытжанова . A. K., & Сыздық . B. K. (2025). ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАРИЯЛАНЫМДАРҒА ШОЛУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(4). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_409

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан