СОТТЫҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫЛАРЫ

Авторлар

  • Гүлнұр Саматовна Рысжанова
  • Бергенгул Ахмет Северо-Казахстанский университет им. М. Козыбаева
  • Ермек Баяхметұлы Абдрасулов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_23

Кілт сөздер:

Жоғарғы Сот, нормативтік қаулы, құқық шығармашылығы, құқықтық ұстаным, құқықтық акт, құқық көзі, сот практикасы, құқық жүйесі, құқықтық реттеу, құқықтық олқылық

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының құқықтық табиғаты, құқық жүйесіндегі орны және олардың құқық шығармашылығындағы рөлі жан-жақты зерттеледі. Автор Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары тек сот практикасын біріздендіру құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық құқықты дамытудың маңызды құқықтық тетігі екенін негіздейді. Мақалада осы қаулылардың құрылымдық ерекшеліктері, құқық нормаларын қалыптастырудағы маңызы және олардың құқықтық реттеудегі орнына қатысты теориялық және практикалық көзқарастар талданады. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары Қазақстанның құқық жүйесінде ерекше орын алады. Олар сот практикасында туындайтын құқықтық олқылықтарды толтырып, заң нормаларын түсіндіру мен нақтылау арқылы құқық қолдану саласына елеулі ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қаулылардың белгілі бір дәрежеде жаңа құқықтық ережелер қалыптастыратындығы туралы ғылыми пікірлер де назарға алынады. Мақалада осы пікірлерге салыстырмалы-талдамалық тәсілмен баға беріліп, олардың теориялық негіздері мен практикалық маңыздылығы қарастырылады. Зерттеу барысында формальды-заңдық, жүйелік-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық және тарихи-құқықтық әдістер қолданылды. Авторлар Жоғарғы Сот қаулыларының мәтіндерін, олардың қабылдану тәртібі мен құрылымын, сондай-ақ қаулылар арқылы қалыптасатын құқықтық ұстанымдарды жүйелі түрде талдайды. Сонымен қатар, Германия, Ресей және Түркменстан елдерінің сот құқық шығармашылығы тәжірибелерімен салыстырулар жүргізіледі. Мақалада сот билігінің құқық шығармашылығына қатысуы мен оның заң шығару билігімен арақатынасы мәселелері де қозғалады. Бұл контексте Жоғарғы Сот қаулыларының құқық көзі ретіндегі мәртебесі, олардың заңдық күші және нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы орны зерттеледі. Автор нормативтік қаулыларды құқық жүйесінің бір бөлігі ретінде заңнамалық тұрғыда нақтылау қажеттігін алға тартады және осы бағытта нақты ұсыныстар ұсынады. Бұл мақала сот құқық шығармашылығын зерттеу саласындағы ғылыми ізденістерді тереңдетуге, сондай-ақ нормативтік қаулылардың құқықтық мәртебесін қайта қарау мәселесін күн тәртібіне қоюға арналған өзекті еңбектердің бірі болып табылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

01.10.2025

##submission.howToCite##

Рысжанова, Г. С. ., Ахмет, Б., & Абдрасулов, Е. Б. . (2025). СОТТЫҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫЛАРЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(3). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_23