ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІКТІ АТҚАРУШЫЛЫҚ ЖАЗБА АРҚЫЛЫ ӨНДІРІП АЛУҒА БОЛА МА, ӘЛДЕ БҰЛ ЗАҢНАМАДАҒЫ ТАҒЫ БІР ОЛҚЫЛЫҚ ПА?
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_143Кілт сөздер:
нотариат, атқарушылық жазба, соттан тыс өндіріп алу тетіктері, даусыз талаптар, нотариаттық әрекеттер, лизинг шартыАңдатпа
Осы мақалада Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 92-1-бабының жылжымалы мүлікті нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы талап ету мүмкіндігін көздейтін нормасын іс жүзінде қолдану мәселесі қарастырылады. Аталған норма 2016 жылдан бері қолданыста болғанына қарамастан, нотариалдық практикада оны іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасы.
Мақалада бұл жағдайдың себептері талданады. Олар қолданыстағы заңнаманың айқын олқылықтарынан және жылжымалы мүлікті өндіріп алу рәсімін нақты реттейтін тәртіптің болмауынан туындайды. Нотариалдық тәжірибеде қиындықтар мүлікті талап ету тәртібінің құқықтық тұрғыдан анық болмауынан, сондай-ақ нотариалдық тарифті есептеу үшін мүліктің нарықтық құнын объективті айқындаудың мүмкін еместігінен туындайды.
Автор Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» және «Қаржылық лизинг туралы» заңдары арасындағы қайшылықтарға ерекше назар аударады. Бұл қайшылықтар нотариустар мен өндіріп алушыларды тығырыққа тірейді. Жағдайды күрделендіретіні – қаржылық лизинг шартының құқықтық табиғаты, ол сатып алу-сату және жалдау шарттарының элементтерін қамтитын көпжақты мәміле болып табылады. Лизинг шартының даулы сипаты, оның нысанасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік шаралары туралы заң әдебиеттерінде бірнеше рет пікірталастар қозғалған, бұл атқарушылық жазбаны жасау үшін қажет «даусыздық» талабына күмән келтіреді.
Автор қолданыстағы олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған шұғыл заңнамалық өзгерістер қажет деген қорытындыға келеді. Жылжымалы мүлікті өндіріп алу туралы талаптар бойынша атқарушылық жазбаны жасаудың тәртібін және нотариалдық тарифті айқындау мен өндіріп алу механизмін реттейтін жеке нормаларды әзірлеу ұсынылады. Аталған кемшіліктерді жою соттан тыс берешекті өндіріп алу механизмін кеңейтіп, атқарушылық жазбаның тиімділігін арттырады.