ҚР ЗАҢ ШЫҒАРУ ИНСТИТУТЫ ЛИНГВИСТИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА САРАПШЫ-ЛИНГВИСІ Н.А.ХАМЗИНАНЫҢ “ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ДЕҢГЕЙІ” ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА

Авторлар

  • Жұмаханұлы Тұрсын Құдайберген

Кілт сөздер:

заң шығармашылығы, мемлекеттік тіл , тілдің қолданыс аясы, заң саласындағы тілдің өзектілігі, аудармадағы тіл заңдылықтар

Аңдатпа

Мақалаға “заң жобаларындағы мемлекеттік тіл” мәселесінің 2010 жылғы қолданысы мен 2020 жылғы осы бағыттағы негізгі мәселелері өзек болады. Мемлекеттік тілдің 30 жыл бойына заң саласының ғана емес, еліміздегі барлық салада тұрақтылыққа ие болмай келе жатқаны айтылады. Автор мақаласында Лингвистика орталығына күн сайын он жыл аумағында үзіліссіз келіп жатқан Заң Жобаларының мемлекеттік тілдің орыс тіліндегі аудармасы екендігіне баса мән береді. Соған орай жобадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілде даярлаған кезде жұмыс тобының қандай мәселелерді басты назарда ұстау керектігіне тоқталған. Кодекс, Заң жобаларын әзірлейтін ведомстволарға Үкімет, Парламент тарапынан қойылатын талаптың ойдағыдай болмауы, заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуде заңды даярлайтын министрлікке Парламент, Үкімет тарапынан қатаң сұраныстың жоқтығы ескертіледі. Сондықтан мәтінді орыс тілінен мемлекеттік тілге аударғанда, тіл заңдылықтарын ескерудің өзектілігі атап өтіледі. Аударма кезіндегі түпмәтіннен ауытқушылық, шұбалаңқылық, сөйлемде жүйенің сақталмауы, мәтінде қайталаушылық болмауының қажеттігі басты жайттардың бірі екендігі көтеріледі. Заң шығармашылығында мемлекеттік тілді қолдану – қоғамның талабы екендігі атап өтіледі. Мақалада Парламенттің Заң Жобаларын мемлекеттік тілде қолданысқа тұрақты енгізуге әсер ететін тетіктер мен ұсыныстар көрсетілген. Автор Үкімет пен министрліктегі заң жобаларын даярлайтын топ құрамында білімді де білікті мамандар керек екендігіне тоқталады. 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Құдайберген , . Ж. Т. (2020). ҚР ЗАҢ ШЫҒАРУ ИНСТИТУТЫ ЛИНГВИСТИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА САРАПШЫ-ЛИНГВИСІ Н.А.ХАМЗИНАНЫҢ “ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ДЕҢГЕЙІ” ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/187

Журналдың саны

Бөлім

"Жаршының" архивтегі беттері