ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_364Кілт сөздер:
жануарлар дүниесі, жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану, заңнаманың тиімділігін талдау, заңнамаАңдатпа
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және т. б. заңдардан тұратын экологиялық заңнаманың кіші саласы болып табылады.
Мақала жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жазылған.
Мақалада Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдірудің кейбір жолдары ұсынылды, оларды іске асыру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.
Осыған байланысты авторлар олқылықтарды, сондай-ақ нормалардың қайталануын анықтады, тұжырымдамалық аппаратқа ревизия жүргізді және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының нормаларын іске асырудың тиімділігін бағалады.
Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-құқықтық тәсілдерге шолу және талдау жүргізілді, олардың негізінде «Қызметтік жануарлар», «Ауыл шаруашылығы жануарлары» заңнамасы шеңберінде қолданылатын терминологияны өзектендіру ұсынылады.
Осылайша, осы зерттеудің өзектілігі жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы заңнаманың тиімділігін, оның жүйелілігі мен келісімділігін одан әрі арттырудың объективті қажеттіліктеріне байланысты күшейтіледі.

