ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РӨЛІ

Авторлар

  • Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов
  • Лейла Тельманқызы Жанұзақова

Кілт сөздер:

Конституция, конституциялық құрылыс, азаматтық қоғам, демократиялық, құқықтық мемлекет , адам құқығы

Аңдатпа

Мақалада 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған, 1998 жылғы 7 қазандағы, 2007 жылғы 21 мамырдағы, 2011 жылғы 2 ақпандағы, 2017 жылғы 10 наурыздағы, 2019 жылғы 23 наурыздағы заңдарымен енгізілген өзгерістерімен Қазақстан Республикасының қазіргі азаматтық қоғамының қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі қарастырылады. Оның нормаларына 1993 жылғы 28 қаңтардағы еліміздің бірінші Конституциясының «Конституциялық құрылыс негіздері» бөлімінде бекітілген ережелермен салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қолданыстағы Конституцияда осындай бөлімнің жоқтығына қарамастан, конституциялық құрылыс негіздеріне қатысты барлық негізгі ережелер 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Негізгі Заңында сақталып қана қоймай, шығармашылық түрде қайта өңделгені, нақтыланғаны және жаңа ережелермен толықтырылғаны туралы қорытынды жасалды. Конституцияның 4-бабына түсініктеме бере отырып, авторлар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын нормативтік құқықтық актілерге жатқызу позициясының қателігі туралы пікір білдіреді. Бұл қорытынды Конституцияның өзінің ережелерімен және «Құқықтық актілер туралы»
№ 480-V 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен негізделеді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) рөлі атап өтіледі, оның құрамына азаматтар мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты нығайту мен дамытуда беделді қоғам қайраткерлері мен құқық қорғаушылары кірді. Қазіргі заманғы үрдістер мен міндеттерді ескере отырып, елдегі азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту мен нығайту, елде өтіп жатқан процестерге мемлекет пен қоғам тарапынан өзара бақылауды күшейту қажеттігі көрсетіледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Нұрғазинов, . Б. К., & Жанұзақова, . Л. Т. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РӨЛІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/188

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық