ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ТӨРЕЛІКТЕ ДАУДЫҢ МӘНІНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Күляш Мұратқызы Ильясова

Кілт сөздер:

төрелік, азаматтық-құқықтық қатынастар, шетелдік элементімен асқынған, қолданылатын құқық, тараптардың ерік автономиясы, коллизиялық нормалар, жария тәртіп, аса-императивтік нормалар, мәміленің нысаны

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық заңнама ережелеріне сәйкес  шетелдік элементімен асқынған  азаматтық-құқықтық қатынастардан  туындайтын дауларды төрелікте  шешу кезінде қолданылатын құқықты анықтау мәселелері қаралады. Автор, қолданылатын құқықты анықтау әдістері шетелдік элементімен асқынған  азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу әдісіне тәуелді екенін негіздейді. Сондай-ақ, императивтік нормаларды қолдану кезінде шетел құқығын қолдануға жол бермейтін жағдайлар, соның ішінде жария тәртіп туралы ескертпелер, қаралады.

Мақалада шетелдік элементімен асқынған азаматтық-құқықтық қатынастардың ҚР-ның  жеке және (немесе) заңды тұлғалары арасында  орын алуы мүмкіндігі негізделеді. Осыған байланысты көрсетілген тұлғалардың арасындағы дауды қарау кезінде қазақстандық құқықты қолдану туралы ҚР-ның «Төрелік туралы» Заңы 44 бабының ережелері сыни тұрғыдан бағаланады.

Мақалада төреліктерде дауларды шешу кезінде халықаралық шарттар мен әдет-ғұрыптардың ерекше орны аталып өтіледі. Осыған байланысты, Заң күші жоқ Президентінің Жарлықтарымен Қазақстан қосылған халықаралық шарттар ережелерінің басымдығын анықтау мәселесіне назар аударылады.

Қолданылатын құқықты анықтау мәселе бойынша: шарт жасасу кезіндегі, дау туындаған кездегі немесе өзге де тараптар белгілеген сәтінде қолданылатын құқық қолданылуға тиіс пе, - бұл сұраққа жауабы тек тараптардың мұндай кезді келісіп алуына ғана емес, сонымен қатар, заңнамалық шектеулердің болуына байланысты болу мүмкіндігі танылады. Осы мәселені шешу тәсілі даудың мәніне байланысты болу мүмкіндігі дәлелденеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Ильясова, . К. М. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ТӨРЕЛІКТЕ ДАУДЫҢ МӘНІНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/194

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық