ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_250Кілт сөздер:
Үлкен деректер, жасанды интеллект, халықаралық ұйымдар, ақпаратты қорғау, цифрландыру, цифрлық құқықтарАңдатпа
Бұл мақалада БҰҰ, Еуропалық Одақ (ЕО)және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты ұйымдардың үлкен деректерді қорғау саласындағы қызметтері қарастырылады. БҰҰ-ның деректерді қорғаудың жаһандық жүйесін қалыптастырудағы көпжақты қатысуы талданады. Негізгі назар Еуропалық одақтың үлкен деректерді қорғау саласындағы заңнамасына - GDPR (жеке деректерді қорғаудың жалпы регламентациясы) аударылады. Цифрлық технологиялардың азаматтардың жеке деректерін қамтамасыз ету және қорғауға әсер ету мәселелері зерттеледі. Цифрландыру жағдайында адам құқықтарын қамтамасыз етуге арналған халықаралық конвенцияны БҰҰ қабылдауы қажеттігі туралы қорытынды жасалған. Конвенцияға келесі мәселелер енгізілуі тиіс: жеке өмірдің құпиялылығын және жеке деректерді қорғауды қамтамасыз ететін кепілдіктер; үлкен деректер мен жасанды интеллекттің айқындылығына қатысты ережелер; халықаралық бақылау және шағымдарды қарау механизмдері. Ғылыми мақала Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын АР23489796 «Үлкен деректердің (Big Data) құқықтық режимін реттеу мәселелері: отандық және халықаралық тәжірибе» жобасын жүзеге асыру аясында дайындалған.

