КРАУДФАНДИНГ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Кілт сөздер:
краудсорсинг, краудинвестинг, краудлендинг, краудфандинг, краудфандинг қарым-қатынастар қаржыландырудың , қаржыландырудың баламалы тәсілі, инвестициялық краудфандинг платформасы, қарыз краудфандинг платформасы, стартап, донор;, реципиентАңдатпа
Бұл мақалада автор краудфандингтік қатынастарды құқықтық реттеудің жекелеген өзекті аспектілерін зерттеуге әрекет жасады, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасындағы дамуының негізгі тенденциялары мен перспективалары анықтады. Ғылыми тұжырымдар шет мемлекеттер заңнамаларының нормаларын талдау және қоғамның тыныс-тіршілігінің әртүрлі салаларында, оның ішінде азаматтық айналым саласында перспективалы жобаларды қаржыландырудың балама банктік емес тәсілдерін пайдаланудың қалыптасқан әлемдік тәжірибесі негізінде жасалды.
Қазақстан Республикасының Халықаралық экономикалық кеңістікке белсенді ықпалдасуы және қарқынды дамып келе жатқан ішкі процестер мүлдем жаңа үлгідегі объективті туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіруді талап етеді, олардың қатарына азаматтық айналымның тиімді өсуі мен дамуы үшін үлкен әлеуетке ие краудфандингтік қатынастарды да жатқызуға болады. Біздің мемлекетіміз халықаралық қоғамдастық қоғам өмірінің азаматтық-құқықтық жағына қоятын нарықтық қатынастар субъектілерінің өзара іс-қимылының қазіргі заманғы қағидаттары мен стандарттарына сәйкес келуге қабілетті болу үшін айтарлықтай өзгеруі керек.
Бүгінгі күні Қазақстанда краудфандингтің нормативтік базасын қалыптастыру процесі тиісті құқықтық нормалардың барабар жүйесін әзірлеуге, шектес қатынастарды реттейтін заңнамадағы ықтимал олқылықтар мен коллизияларды еңсеруге, краудфандингтік қатынастар субъектілерінің құқықтарын қорғаудың тиімді тетігін әзірлеуге қатысты міндеттердің маңызды шеңберін шешумен байланысты. Оларды тезірек шешу, сайып келгенде, ең үздік әлемдік тәжірибеден алынған өркениетті әдістермен азаматтық-құқықтық айналымдағы краудфандинг қарым-қатынасын реттеуге мүмкіндік беретін пәрменді жүйені қалыптастыруға бағытталған.
Мақала авторы көрсетілген контекст шеңберінде краудфандинг құбылысының жекелеген өзекті мәселелерін зерттейді, сондай-ақ краудфандингтік қатынастарды реттеудің нормативтік-құқықтық негіздерін құру бойынша өз ұсыныстарын енгізеді