ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ

Авторлар

  • Меруерт Нұрланқызы Абишева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_322

Кілт сөздер:

сақтандыру, сақтандыру нарығы, сақтандыру заңнамасы, сақтандыру омбудсманы, цифрландыру, исламдық сақтандыру, такафул

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңнамасының эволюциясы және сақтандыру саласындағы цифрлық трансформация үдерістері кешенді түрде талданады. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейінгі сақтандыру қызметін құқықтық реттеу жүйесінің қалыптасу кезеңдерін айқындау, негізгі заңнамалық реформалардың мазмұнын ашу және цифрландырудың сақтандыру нарығының тиімділігіне, ашықтығына және қолжетімділігіне ықпалын бағалау болып табылады.

Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жүйесі, сақтандыру нарығын цифрландыруға бағытталған заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары, мемлекеттік органдар және сақтандыру қызметін тұтынушылар арасындағы құқықтық қатынастар болып табылады.

Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы құқықтық әдістер қолданылды. Атап айтқанда, тарихи-құқықтық әдіс, формальды-құқықтық әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс, жүйелік талдау, логикалық талдау және талдап қорыту әдістері кеңінен қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңнамасының бастапқы кезеңдегі фрагментарлық сипаттан қазіргі заманғы көпдеңгейлі, цифрландырылған және тұтынушыға бағдарланған реттеу жүйесіне дейін дамығаны анықталды. Цифрлық трансформация сақтандыру қызметтерінің сапасын арттырып, онлайн сақтандыру, электрондық шарттар, сотқа дейінгі реттеу және сақтандыру омбудсманы институтының тиімділігін күшейтуге ықпал еткені негізделді. Алынған ғылыми қорытындылар сақтандыру заңнамасын одан әрі жетілдіруде, құқық қолдану тәжірибесін дамытуда, сондай-ақ сақтандыру нарығын цифрлық ортаға бейімдеу барысында практикалық маңызға ие болып табылады және білім беру процесінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынған тұжырымдар сақтандыру құқығы бойынша оқу курстарында, ғылыми-зерттеу жұмыстарында және құқық шығармашылық қызметте қолдануға жарамды. Мақалада жасалған қорытындылар сақтандыру саласын құқықтық реттеуді одан әрі жаңғыртуға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2026

##submission.howToCite##

Абишева, М. Н. (2026). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 81(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_322