ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Әсемай Мұхтарқызы Көптлеуова Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_359

Кілт сөздер:

дербес деректерді қорғау, халықаралық құқық, цифрлық орта, құпиялылықты сақтау, дербес деректерді өңдеу

Аңдатпа

Бұл мақалада автор Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур және Канада мемлекеттерінің мысалында дербес деректерді қорғау саласындағы заманауи шетелдік үрдістерге талдау жасайды. Зерттеу барысында дербес деректерді өңдеуді құқықтық реттеу тәсілдері, цифрлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету талаптарының дамуы қарастырылады. Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның PIPA, Сингапурдың PDPA, Жапонияның APPI және Канаданың PIPEDA заңдарына талдау жүргізіледі. Осы мақала негізінде аталған елдердің кең өкілеттіктерге ие, тәуелсіз арнайы жұмыс істейтін мемлекеттік органдары мен ұйымдары ерекше назар аударатын негізгі бағыттар анықталады. Ал заңнамаларды талдау дербес деректерді қорғаудың заманауи үрдістерін көрсетеді.

Қазіргі уақытта деректерді қорғауда мінсіз жүйе жоқ. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, дербес деректерді қорғау заңнамасы үнемі өзгерістерге бейімделетін, динамикалық сипатқа ие болып келеді. Құқықтық нормалар технологиялық өзгерістер мен жаңа киберқауіптерге сәйкес үнемі жаңартылып, деректер субъектілерінің құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік беруі тиіс.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, белсенді және жүйелі саясат дербес деректерді қорғауда тек құпиялықты сақтаумен шектелмейді. Сонымен қатар, ол пайдаланушылардың цифрлық платформаларға сенімін арттыруға, ақпараттық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және технологиялық өзгерістер кезінде цифрлық инфрақұрылымның тиімді жұмысын қолдауға ықпал етеді

Автор дербес деректерді тиісінше қорғауды қамтамасыз ету реттеуші органдар және өзге де мүдделі тараптар үшін басым бағыттардың бірі болуы қажет екенін алға тартады. Өйткені халықаралық және ұлттық стандарттарды жүйелі түрде сақтау қауіпсіз, тұрақты және үнемі дамып отыратын цифрлық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2026

##submission.howToCite##

Көптлеуова , Ә. М. (2026). ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 81(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_359