ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘТІНДЕРДІ САРАПТАУДА ЖӘНЕ АУДАРУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН САНДЫҚ КОРПУСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_313Кілт сөздер:
құқық, сараптама, аударма, жасанды интеллект, сандық корпус, тәуекелдерАңдатпа
Нормативтік-құқықтық актілер көлемінің ұлғайуы, мемлекеттік және орыс тілдерінде қатарласып заң шығару үдерісінің пайда болуы және мемлекеттік құрылымдардың жасанды интеллектті пайдалана отырып автоматтандырылған жүйеге көшуі құжаттарға лингвистикалық сараптама жүргізудің жаңашыл ұстанымдары мен техникасының өзгеруін талап етіп отыр. Бұл ретте жасанды интеллект пен қарқынды дамып келе жатқан дерекқорлар (database) өзара кіріктірілген (интеграцияланған) сипат алып, мәтіндерді аудару және салыстырып талдау құралына айналуда.
Құқықтық маңызы бар заңнама мен заңға қатысы бар өзге құжаттар құқықтық дискурстың негізін құрап, өздігінен нақтылық пен бірегейлік тұтастығының көрінісі болып тұруы тиіс. Алайда жасанды интеллект пен дерекқорларда сақталған кей ұғымдардың аудармасы сөйлем мағынасына үйлеспей, кейде қазақ тіліне жат құрылым сипатын алып, дәл сол қалпында заңнамалық күші бар құжаттардың айналымға түсіп, қолданысқа еніп жатқанын аңғаруға болады.
Зерттеу мақаласында Қазақстан Республикасында құқық саласына қатысты құжаттарды аудару және аудармаға сараптама жүргізуде жасанды интеллект құралдарын қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері сараланады. Заңнамалық актілерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару барысындағы жиі кездесетін қателіктер талданып, сөз тіркестері мен жекелеген сөздердің аударма сипатындағы баламалы нұсқалары ұсынылады.

