ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
қылмыстық, заңдылық қағидасы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы, кінәлі жауаптылық қағидасы, ділдік қағидасы, ділдік қағидасыАңдатпа
Бұл мақалада авторлар Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын қылмыстық құқықтың қағидалары саласында жетілдіру мәселесін зерделеп отыр. Көптеген елдердің тәжірибесін талдай отырып, қылмыстық құқықтың қағидалары бірқатар мемлекеттердің Қылмыстық кодекстерінде заң тарапынан бекітілгенін байқауға болады. Қазақстан Республикасында бұл мәселе теория деңгейінде талқыланып, қазіргі уақытқа дейін заң жүзінде бекітілуін таппаған.
Қылмыстық құқық қағидаларында қоғамның өркениеті мен мәдениетінің деңгейі айқын көрініс табады. Қылмыстық заң негізделетін қағидаларға сәйкес, жеке тұлғаның мемлекет үшін маңыздылық дәрежесін анықтауға болады. Қылмыстық құқықтың қағидалары ретінде, жалпыға ортақ адамзат құндылықтарын көрсететін, сондай-ақ бүтіндей оның мазмұнын және жеке институттарының мәнін анықтайтын қылмыстық заңда қарастырылған негізгі идеялар ретінде түсіну қажет. Қағидалар қылмыстық құқықтың құрылымын құрайды. Қағидаларда оның элементтерінің логикалық байланысы көрініс табады. Қағидалар қылмыстық құқықта ажырамас, біріктіруші мәні бар және оның жүйесінің жетекші негізі болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау нәтижесінде қалыптасатын қылмыстық-құқықтық реттеу жүйесінде қылмыстық құқықтың қағидалары ерекше орын алады. Бұл қағидалар құқықтағы пайда болу табиғаты жағынан қылмыстық құқықтың міндеттерін сапалы және тиімді жүзеге асырудағы ішкі бірлікті, логикалық құрылымды қамтамасыз етуге бағытталған. Қолданыстағы құқықтық жағдай бүгінде қылмыстық құқық қағидаларының маңыздылығы туралы түсінік жоқ екенін көрсетеді. Қылмыстық құқық қағидалары мәселесіне баса назар аудармау олардың заңнамалық деңгейде бекітілмеуінде, қағидалар құқық саласында нақты жүзеге асырылып, қажетті міндеттерді шешуге негізгі алға тартар ережелер бола алады.
Авторлардың пікірінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қылмыстық заңнаманың қағидаларын енгізу өзекті және перспективалы болып табылады.