ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ ИНСТИТУТЫ: ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Аслан Султанович Тукиев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты https://orcid.org/0009-0002-6370-4972
  • Камал Қанатқалиұлы Сабиров Судебная администрация Республики Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_61

Кілт сөздер:

әкімшілік сот ісін жүргізу, талап қою құқығы институты, субъективтік жария құқық, ӘРПК, әкімшілік әділет, салыстырмалы әкімшілік құқық

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасындағы әкімшілік сот ісін жүргізуде талап қою құқығы институтын сыни тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеуде бұл тетіктің герман құқығындағы қалыптасу алғышарттары, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу жүйесінде қолданылу мәселелері қарастырылады.

Мақалада неміс құқығындағы Klagebefugnis тұжырымдамасы және оның басқа құқық жүйелеріндегі ұқсас институттары зерттеледі. Мұнда талап қоюға субъективтік жария құқықтың тетігі, оның сотқа қол жеткізуді сүзгіден өткізетін құрал ретіндегі қызметі және субъективтік жария құқықтарды айқындаудағы рөлі талданады.

Ұсынылып отырған жұмыста әкімшілік әділеттің жалпы қабылданған доктринасын салыстырмалы-құқықтық талдау және шетелдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік процесіндегі талап қою құқығы институтын қарастыруға талпыныс жасалған.

Салыстырмалы-құқықтық әдісті қолдана отырып, авторлар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) әкімшілік әділеттің жалпы қабылданған субъектілік бағдарланған ұстанымын функционалдық тұрғыдан қайта өндіретін нормативтік құрылымды қамтитыны жөнінде қорытындыға келеді. Мәселе заңнамадағы олқылықтарда емес, осы нормаларды азаматтық сот ісін жүргізу логикасы арқылы доктриналық тұрғыдан қабылдауда жатыр. Қалыптасқан консерватизмді еңсеру және әкімшілік-процестік дербес тәсілді қалыптастыру қазақстандық құқық ғылымы мен сот практикасының негізгі міндеттері ретінде айқындалады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

з.ғ. к., доцент, ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2026

##submission.howToCite##

Тукиев, А. С., & Сабиров, К. К. (2026). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ ИНСТИТУТЫ: ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 81(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_61