ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Кілт сөздер:
үкіметтік емес ұйымдар; қоғамдық мониторинг, мемлекеттік қызметтер сапасының қоғамдық мониторингі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық мониторингАңдатпа
Коммерциялық емес ұйымдар азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде билік органдары мен халық арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге өкілеттік берілген. Қоғамдық бақылау тетігінде осы ұйымдарды коммерциялық емес немесе үкіметтік емес ретінде анықтаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалануға жол беріледі, алайда бұл бөлу олардың қызметіне елеулі әсер етпейді.
Коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық мониторинг іс-шараларында айтарлықтай белсенділік танытады. Қоғамдық мониторинг жүргізудің заңнамалық тәртібі оның іс-шараларын бастамашылық ету және қаржыландыру ережелерін регламенттеуде айырмашылықтарға жол береді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі неғұрлым талап етілетін бағыт болып табылады, ол коммерциялық емес ұйымдардың бастамасы бойынша немесе уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеу барысында анықталғандай, қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібін құқықтық реттеу белгілі бір олқылықтарды қамтиды. Атап айтқанда, заңнама жүйесінде нормативтік құқықтық актімен бекітілген қоғамдық мониторинг жүргізу әдістемесі немесе тәртібі, оның ішінде нысаналы бағыттар бойынша жоқ. Бұдан басқа, заңнамалық актілер қоғамдық мониторингті анықтауда әртүрлі оқылымдарға жол береді және оны жүргізу кезінде коммерциялық емес ұйымдар үшін өкілеттіліктің жеткіліксіз болуын көздейді. Баяндалғанға қосымша қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылардың мазмұнына қойылатын нормативтік талаптар оның барлық бағыттарын көрсетпейді.
Қоғамдық мониторинг жүргізу тәжірибесін талдау жекелеген бұзушылықтарды анықтады. Бір жағынан, қоғамдық мониторингтің субъектілік құрамына мен қаржыландырылуын ұйымдастыру тәртібіне құқықтық шектеулерге қарамастан, жергілікті атқарушы органдар өзінің әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алуларын өткізеді, коммерциялық ұйымдармен шарттар жасасады, сондай-ақ сатып алу нысанасын «қоғамдық мониторингтен» «әлеуметтік зерттеулерге» ауыстырады. Басқа жағдайда, нормативтік құқықтық актілер мониторингінің нәтижелерін жыл сайын жария орналастыру туралы талапқа қарамастан, мониторинг қорытындылары жарияланбайды, бұл оны өткізу фактілерінің жоқ екендігін куәландырады.
Осы зерттеу барысында анықталған коммерциялық емес ұйымдардың қоғамдық мониторинг жүргізудегі қызметін құқықтық реттеу проблемалары және оны қолданудың қалыптасқан практикасының ерекшеліктері қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң шығару жұмысында ескерілуі мүмкін.