СОТ САРАПТАМАСЫ ҚҰНЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ: СЫНИ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Айнагүл Төкенқызы Кәріпова
  • Ербол Ағыбайұлы Омаров
  • Бақыт Жаңалықұлы Шоткин
  • Нұр-Ахмет Сиқымұлы Әлімқұлов
  • Рахмет Шамилұлы Қарымсақов

Кілт сөздер:

сот сараптамасы, әдістеме, сараптама құны, шығындар есебі, шығындар, сарапшысы, еңбекақы, белгілеу әдістемесі, құн анықтамалығы, химиялық реактивтер

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада авторлар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жүргізетін сот сараптамасы құнын анықтаудың әдістемесіне зерттеу жүргізеді. Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидалары мен Әдістемесіне, сондай-ақ Нұр-Султан қаласы филиалы бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін Сот, сот-медициналық сараптамалар, зерттеулер, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар бағасына талдау жасалды. Зерттеу барысында жалпығылыми және арнайы әдістер: талдау, синтез, математикалық әдістер, салыстырмалы-қисынды және басқа қолданылды. Зерделеу нәтижесі бойынша авторлар сот сараптамасын жүргізуге жұмсалатын қаражаттарды есептеуде елеулі жетіспеушіліктер, яғни сот сарапшысының еңбекақысына байланысты еңбекақы төлеуге және есептеуге арналған шығындар, сараптамалық зерттеу жүргізу үшін химиялық реактивтер мен шығыс материалдарының шығыстары, үстеме (ілеспе) шығыстардың сәйкес келмеуі. Сот сараптамаларының бағасын анықтаудың шетелдік тәжірибесі қосымша зерделенді (Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы, Германия Федеративтік Республикасы). Соңында авторлармен есеп айырысулар жүргізілді және сот сараптамаларының құнын 98 млн. астам теңгеге көтеру мүмкіндігі туралы қорытынды жасалды. жұмыс уақытының 1 минут құнының артуы, бұл сот сараптамаларының құнын дұрыс анықтауға әкеп соқтырды, сарапшылардың еңбекақысы орындалған жұмыстардың құнынан асып түсті, нормативтердің дұрыс белгіленбеуі, сондай-ақ сарапшылар арасында жүктеменің біркелкі бөлінбеуі анықталды. Химиялық реактивтер мен шығыс материалдары шығыстарының ең жоғары нормаларын қолдану сараптамалар құнының артуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, әдістемені қайта қарап, жаңасын ұсыну бойынша ұсынымдар берілді.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Кәріпова, А. Т., Омаров, Е. А., Шоткин , . Б. Ж. ., Әлімқұлов, Н.-А. С., & Қарымсақов , . Р. Ш. (2019). СОТ САРАПТАМАСЫ ҚҰНЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ: СЫНИ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/217