ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Сергей Иванович Климкин

Кілт сөздер:

құқықтың құрылымы, құқық саласы, жеке және жария құқық, кешенді құқық, заңнамалар

Аңдатпа

 Мақалада Қазақстанның жеке құқығының салалық құрылымына талдаулар жасалған, жұмыс барысында осы аталған мәселенің тарихына қысқаша шолулар жасалып, ұлттық заңнаманың қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ аталған мәселелердің қазіргі жай-күйі сараланған.

Азаматтық құқық саласының, сондай-ақ өзге де аралас құқық салаларының отандық зерттеушілерінің (Диденко А.Г., Ильясова К.М., Казиева Г.Т., Климкин С.И., Кусаинова А.К., Мороз С.П., Осипов Е.Б., Сулейменов М.К.) көзқарастарын негізге ала отырып, аталған мәселелер жете қарастырылған.

Автор мақалада құқықтың жеке және жария болып жаппай мойындалғанын орында деп санайды. Нәтижесінде бұл жағдай Қазақстанның нарықтық даму жолдарын таңдауға негіз болғандығы баяндалады. Мәселен, соңғы жылдары объективті тұрғыдан бағалар болсақ, мемлекеттің экономикадағы рөлі және оның жеке-құқықтық қатынастарға араласуы айқын басымдылық көрсетуде.

Жұмыс барысында, заңнамалық деңгейде азаматтық құқықтан банктік құқықты пен инвестициялық құқықтың алшақтатылуы орын алғаны айтылып, көлік кодексі мен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің қабылдану жағдайы орын алғандығы негізделген.

Сондай-ақ осы аталған мәселелердің теориялық және практикалық маңыздылығына және нормативтік материалдар негізінде  жекелеген құқық салаларының қалыптасуына негіз қалыптасып отырғандығы талданады.

Қазақстандық авторлардың көзқарасын талдай келіп автор орман, су тағы да сол сияқты кодекстердің қабылданып, нормативтік құқықтық актілер нысанында көрініс табуы сараланған.

Мәселен орман, су тағы да сол сияқты кодекстердің қабылданып, олардың нормативтік құқықтық актілер нысанында көрініс табуына отандық авторлардың бұл мәселелерге көзқарастарының біркелкі емес екендігі жайы баяндалады.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Климкин, . С. И. (2019). ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/223