ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН РОБОТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Аяна Тоқсанбайқызы Бекен

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, робот, құқық субъектілік, құқықтық жауапкершілік, электронды тұлға

Аңдатпа

 Бүгінгі таңда адам өмірінің барлық дерлік салаларына жасанды интеллектісі бар роботтар тарапынан болып жатқан ықпалдың соңғы кездері күннен күнге артуына байланысты жасанды интеллектінің құқық субъектілігі тақырыбы өте өзекті әрі ғылыми тұрғыдан пайымдауды аса қажет етуде. Жасанды интеллектіні қолданудағы туындайтын басты даулы мәселе – жасанды интеллектімен жабдықталған машина әрекеті нәтижесінде пайда болуы ықтимал теріс салдар үшін заңды жауапкершілікті анықтау проблемасы.

Мақалада жасанды интеллектіге тән сипаттамалар келтіріліп, оған құқық субъектілікті беру мүмкіндігі мен орындылығы тұрғысынан қазіргі кездегі жай-күйіне шолу жасалған. Берілген мақала аталған машиналардың әрекеті салдарынан туындайтын құқықтық жауапкершілікті анықтаудың проблемалық мәселелеріне жан-жақты тоқталады. Сонымен қатар, мақала шеңберінде жасанды интеллектінің іс жүзінде адамға зиян тигізген шынайы жағдайлар мен цифрлы технологиялардың қарқынды дамуы мен жасанды интеллектінің жаппай енгізілуіне орай келешекте сөзсіз орын алатын жағдайлар келтірілген.

Мақалада жасанды интеллект әрекеті үшін жауапты тұлғалар ретінде мынадай санаттарды бөліп қарастыру ұсынылады: роботтың өзі, құрастырушы, бағдарламашы, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші компания, өндіруші зауыт, иесі, роботты заңсыз иемдену немесе зиян келтіруге қайта бағдарламалау орын алған жағдайда үшінші тұлға. 

Жасанды интеллект ұғымы да, оның қызметін құқықтық реттеу мәселелері де Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілмеген. Белгіленген проблемаға қатысты жағдайға қатысты шолуға жүргізілген талдауға сәйкес робот құқығы аясындағы тиісті терминологияны әзірлеу, жасанды интеллект қатысуымен болатын құқықтық қарым-қатынастар қатысушыларының нақты құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтау мәселелеріне тиісінше мән беру қажет.

Сонымен қатар, мақалада теория мен практика тұрғысынан барынша толық талдау жүргізуге талпыныс жасалды. Тақырыпты зерттеу барысында беделді шетелдік теоретиктердің көзқарастары ұсынылып, еуропалық практикаға да тиісті назар аударылды.

Мақала жасанды интеллектінің құқық субъектілігі мәселесі тақырыбымен айналысатын ғалым-заңгерлердің, практиктердің назарына ұсынылады.

##submission.additionalFiles##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Бекен , А. Т. (2019). ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН РОБОТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/230