ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ ЖОБАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТТІ ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Фатима Пулатқызы Досанова
  • Берікжан Бақытжанұлы Ермекбаев

Кілт сөздер:

әкімшілік әділет, әкімшілік рәсімдер, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері, өтініштері; әкімшілік сот ісін жүргізу, жария-құқықтық дау.

Аңдатпа

 Мақалада әкімшілік әділет институттарын және әкімшілік рәсімдерді түсінуді талдау негізінде қоғамның барлық мүшелерінің құқықтық қорғалуын күшейту, мемлекеттік органдардың қоғамға есеп беруі, толыққанды әкімшілік сот ісін жүргізуді енгізу мақсатында мемлекеттік органдардың шешімдеріне, актілеріне дау айту арқылы заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері өзектілендіріледі, оның қаралу мәні нақты жария-құқықтық даулар болады.

Жария-құқықтық даулар мен әкімшілік рәсімдердің ерекшелігіне назар аудара отырып, шетелдік сарапшылардың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасының (бұдан әрі – ӘРПК жобасы) ережелері зерттеледі.

Авторлардың пікірінше Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасының ережесі түсініктік аппарат бойынша өзінің пысықтауын және жетілдірілуін, билік пен адам арасындағы қатынастарды құру үшін негіз болатын әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыру принциптерін бекітуді талап етеді. Авторлармен болашақтағы ӘРПК-де әкімшілік рәсімдер, ақылға қонымды мерзім ұғымын бекіту, ӘРПК жобасының ережелерін әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу тілі туралы, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі, барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі, әкімшілік сот талқылауының жариялылығы мен ашықтығы (айқындығы) сияқты принциптерімен толықтыру ұсынылады. Әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімін және өтініштерді қарау мерзімдерін есептеу туралы нормаларды бекітудің грамматикалық тұжырымдамасына ерекше назар аударылады. ӘРПК жобасының ережелерін жетілдіру бойынша айтылған ұсыныстар билік тарапынан мүмкін болатын араласулардан және бұзылулардан азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетігі ретінде әкімшілік әділетті енгізуге талпынысты күшейтуге қабілетті.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Досанова, . Ф. П., & Ермекбаев, Б. Б. (2019). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ ЖОБАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТТІ ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/231