ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

Авторлар

  • Дана Бердижанқызы Қасқабаева

Кілт сөздер:

терроризм, терроризммен күрес, Жаһандық Терроризм Индексі, «Жусан» операциясы

Аңдатпа

 Терроризм және экстремизммен күрес мәселелері көптеген мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өткір мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан үшін де терроризмнен туындаған қауіп-қатер шындыққа айналды деуге болады. Оған Қазақстан Републикасының тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан аумағында орын алған террор актілерін дәлел ретінде келтіруге болады. Сонымен қатар, Сирия мен Ирак сияқты мемлекеттерде қарулы қақтығыстарға қатысқан және террористік немесе экстремистік  даярлықтан өткен жауынгерлердің Қазақстанға оралу фактілері үлкен алаңдаушылық туғызуда. Өйткені олардың көпшілігі радикалды көзқарастарын ұстануды одан әрі жалғастырып, ұрыс алаңынан үйренген арнайы дағдылар мен жауынгерлік тәжірибеге ие. Сондықтан, бүгінде Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан, шиеленіс нүктелерінде әскери тәжірибе жинақтаған азаматтарды, сонымен қатар әйелдер мен жесір әйелдерді және кәмелетке толмаған балаларды қайтару мәселелеріне қатты мән беруде. Осы алаңдаушылықтың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық және жергілікті билік органдарымен тығыз байланыста бола отырып, өз отандастарын қауіпті аймақтардан эвакуациялау мақсатында «Жусан» атты кең көлемді гуманитарлық операциясын өткізді. Нақты статистикалық мәліметтердің болмауына қарамастан, соғыс аймақтарына кеткен Орталық Азия мемлекеттері азаматтардың саны туралы мәліметтер беріліп, нәтижесінде 357 бала, 137 әйел және 30 ер адам қайтарылған «Жусан» гуманитарлық операциясының нәтижелері жайында сөз қозғалды.

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы терроризмнің тәуелсіздік жылдарындағы даму тарихы қарастырылады. Себебі соңғы кездерде орын алған оқиғаларға дейін Қазақстанда терроризм қаупі жоқ және ол ықтимал қауіптер санатына жатады деген пікір болған. Сонымен қатар, аталған жұмыста Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жолындағы халықаралық ұйымдардың  (БҰҰ, ШЫҰ-ның Аймақтық Терроризмге қарсы Орталығы, ТМД Терроризмге Қарсы Орталығы тб.) қатарына қосылуы, ішкі құқықтың терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық шарттарға сәйкестендірілуі сияқты жұмыстар, осы бағытта жүзеге асырылған немесе жүзеге асырылатын шаралар туралы айтылады. Салыстырмалы талдау нәтижесінде Қазақстанның жаһандық терроризм рейтингінде алатын орны анықталады.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Қасқабаева, Д. Б. . (2019). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/232