ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАПТАМА ИНСТИТУТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НОВЕЛЛАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_67_4_13

Кілт сөздер:

сараптама, құқық шығармашылығы, ғылыми құқықтық сараптама моделі, ғылыми сарапшы

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасындағы ғылыми құқықтық сараптама институтын жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған. Қазіргі уақытта ғылыми құқықтық сараптама нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде болған проблемалар мен қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін маңызды құрал болып, олардың сапасын арттыруға ықпал етеді. Қазақстанда ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің жаңа моделі қолданыла бастағаны белгілі. Ол 2021 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 15-VII Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ осы Заңның ережелерін орындау үшін әзірленген 2021 жылғы 8 маусымдағы «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 386 қаулысы қабылданған кезден бастап Қазақстанда енгізіле бастады. Ол ғылыми құқықтық сараптаманың жаңа моделін енгізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін реттейді. Автор ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің процесі мен ұйымдастырылуын тұжырымдамалық түрде өзгертетін ғылыми құқықтық сараптаманың жаңа моделінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілерін ашып көрсетеді. Солай, мақалада ғылыми құқықтық сараптаманың жаңа моделінің ғылыми сарапшылардың арнайы пулын құру (Ғылыми сарапшылар тізілімі түрінде), Сарапшылар тізілімінен ғылыми сарапшыларды іріктеуді ұйымдастыру, ғылыми құқықтық сараптама жүргізу мерзімдерін біріздендіру, халықаралық шарттар мен олардың жобаларына заң сараптамасын және ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің дәйектілігі мәселелері, ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің жалпы алгоритмі, сондай-ақ ғылыми сарапшылардың жауапкершік аспектілері және сол сияқты т. б. негізгі ерекшеліктері қарастырылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2021

##submission.howToCite##

Сарпеков , . Р. К. (2021). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАПТАМА ИНСТИТУТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НОВЕЛЛАЛАРЫ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(67). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_67_4_13

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық