СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР МЕН ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАТТАРЫМЕН АРАҚАТЫНАСЫ (ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР)
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_27Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, әкімшілік-деликтік сот ісін жүргізу, заңнаманы жетілдіру, сот төрелігінің қағидаттары.Аңдатпа
Мақала сот төрелігінің конституциялық қағидаттарын жетілдіру мәселелеріне арналған. Мәселен, мақала авторы Конституцияның 77-бабының 4-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының Конституциясында қолданылып жүрген нормаға назар аударуды ұсынады, оған сәйкес заңды қолдану кезінде судья Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылатын 10 қағидатты басшылыққа алуға тиіс.
Сонымен бірге, мақала авторы Негізгі Заңның жоғарыда аталған бабында көрсетілген сот төрелігінің конституциялық қағидаттарын Республиканың барлық соттары мен судьялары үшін ортақ және бірыңғай деп атауға болмайтынын, дәлірек айтсақ істерді азаматтық және (немесе) әкімшілік сот ісін жүргізу нысанында қарау кезінде қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде қолданылатын сот төрелігі қағидаттары қолданылмайды
Осыған байланысты Конституцияның 75-бабының 2-тармағына толықтырулар енгізу және мынадай редакцияда жазу ұсынылады: «2. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әкімшілік-деликтік және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады».
Жүргізілген талдау мен шетелдік тәжірибені қарау негізінде автор конституциялық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдады. Атап айтқанда, автормен Конституцияның 77-бабының 3-тармағын мынадай редакцияда жазылуын ұсынады: «3. Заңды қолдану кезінде судья мынадай қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс: «1) заңдылық; 2) сот талқылауының жариялылығы қағидаты; 3) әділ сот талқылауына құқық; 4) тыңдалу құқығы; 5) заңсыз жолмен алынған дәлелдемелердің заңды күші болмайды; 6) тез, толық, жан-жақты және ұтымды сот талқылауы қағидаты; 7) сот актілерінің міндеттілігі; 8) сот ісін жүргізу тілі; 9) сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 10) сот актілеріне шағым жасау бостандығына құқық».
Мақалада құқық қолдану практикасының басқа да мәселелері қарастырылады және қолданыстағы заңнамаға толықтырулар енгізу бойынша нақты ұсыныстар ұсынылады