ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДЕГІ МӘНІ, ЗАҢДЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_67_4_124Кілт сөздер:
құқықтық ұстанымдар, ҚР Конституциялық Кеңесі, құқықтық ережелер, нормативтік реттеу, құқық қолдану шешімі, заңнамалық актілерАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құқықтық ұстанымдарының заңдылық сипаты, олардың мазмұны, елеулі белгілері мен мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасы Конституциялық бақылау органының құқықтық ұстанымдарына арналған жұмыстардың жеткілікті болуына қарамастан, олардың көбінесе бұл санаттың жекелеген тараптарын ғана көрсетіп, аталған ұғымның мәнді сипаттамаларын қозғамай, нақты қоғамдық қатынастардың пәндік саласын ғана көрсетеді – деген тұжырым жасалды. Жұмыста Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдарының жекелеген түрлерін зерттеуге арнаған Қазақстан зерттеушілерінің ғылыми еңбектерін талдауға көп көңіл бөлінген. Сонымен бірге, авторлар ұқсастығы бойынша, Ресей Федерациясының конституциялық бақылау органының құқықтық табиғатын зерттеген орыс ғалымдарының еңбектерін де қарастырады.
Жұмыста Қазақстандық ғалымдардың тұжырымдарына талдау жасаудың нәтижелері бойынша, зерттеліп отырған феноменальды құбылыстың әртүрлі қырлары сипатталып, тұрақталған доктринада бойынша нақты анықтама берілмегені көрсетіледі. Соның нәтижесінде, авторлар құқықтық ұстанымдар жүйесінде, заң шығару мазмұнының құқықтық ұстанымдары мен оның құқық қолдану сипаттарын бөлек қарастыру керек деп есептейді.
Құқықтық ұстанымдардың маңызды сипаттамалары туралы әртүрлі ғылыми көзқарастардың синтезіне сүйене отырып, оларды дәлелдеуге мүмкіндіктердің болуы тұрғысынан авторлар конституциялық бақылау органының барлық мүшелерінің алға қойған тұжырымдары, көзқарастары мен пікірлерін; нормативтік қаулылардың қарар бөлігінде құқықтық ережелер нысанындағы құқықтық позициялардың көрсетілуін; олардың құқықтық түсінікпен байланысын; нормативтік қаулылармен теңдестірудің мүмкін еместігі мәселелерімен байланысты құқықтық ұстанымдарын - ҚР Конституциялық кеңесі шешімдерінің өзегі болып табылатынын айтады. Конституциялық Кеңестің елдегі конституциялық заңдылықты, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайтудағы маңызды рөлін, оның құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, осы ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.