ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМШАРТТАР БОЙЫНША ДАУЛАРДЫ БАЛАМАЛЫ ШЕШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Күләш Мұратқызы Ильясова

Кілт сөздер:

балама дауларды шешу, жер қойнауын пайдалануға арналған, арбитраж, медиация, переговоры

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада автор жер қойнаун пайдалануға келісім-шарттардан туындайтын дауларды шешудің баламалы тәсілдері туралы мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамасына дамудың әр алуан кезеңдерде талдау жасау негізінде қарайды.

Атап айтқанда, автор төрелік келісімді жасау тәртібі жер қойнаун пайдалануға келісім-шарттардан туындайтын дауларға қолдану туралы мәселені зерттейді. ҚР-ның заңнама ережелеріне жүргізілген зерттеу нәтижелерін басшылыққа ала отырып автор, тараптар арасында жасалған төрелік келісім болған жағдайда, жер қойнаун пайдалануға келісім-шарттардан туындайтын дауларды төрелікке беруге болады деп қорытады.

Сонымен қатар автор тараптардың бірі болып мемлекет қатысқан дауларға медиацияны қолдану мүмкіндігі туралы мәселені қарайды. Зерттеу нәтижесінде автор медиация туралы заңнама ережелерін әртүрлі түсіндіруді жою мақсатында мемлекеттің қатысуымен азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға медиацияны қолдануға тікелей тиым салу ережесін заңнамалық турде бекітуді ұсыныс етті. 

Сондай-ақ, мақалада төрелік тәртәп және медиациядан басқа ҚР-ның заңнамасында қарастырылған, сотта істі қарау шеңберінде қолдануына қарамастан дауды шешудің соттық тәсілдеріне жатқызылмайтын, дауларды реттеудің басқа да тәсілдерін зерттейді. Осылай, автор дауларды реттеудің өзге де тәсілдеріне сот талқылауы шеңберінде қолданылатын партисипативті рәсімін жатқызады.

Зерттеу пәні болып сондай-ақ, келіссөздер дауларды реттеу тәсілі ретінде табылды. Атап айтқанда, автор жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарына сәйкес өткізілуге тиіс келіссөздер, арналған келісімшарттарды, міндеттемелер бұзу туралы хабарламаны ұсыну мен міндеттемелер орындау және (немесе) жауапкершілікке тарту туралы талаптарды қоюдан басқа, оған мұндай талаптар тағылатын тарап жағынан қарсылық білдіруді, екінші тарап осындай қарсылықтарымен келіспегенін білдіруді  немесе мұндай қарсылықтарға жауап бермеуді пайыдайды деп санайды. Бұл ретте, автор, құзыретті органның біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарламаны жолдауы дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу тәсілі болып табылмайтынын көрсетеді.

Өткізілген зерттеу нәтижелері бойынша, автор жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардан  туындайтын дауларды шешу (реттеу) үшін дауды баламалы шешу тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша ҚР-ның заңнамасын бір-біріне қайшы келген және бір келкі емес жайлы қорытынды жасайды, сондай-ақ, осы салада дауды баламалы шешуді дамыту үшін тек заңнаманы ғана емес, сонымен қатар құқық қолдану практикасын жетілдіру қажет деп түйіндейді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Ильясова , К. М. (2019). ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМШАРТТАР БОЙЫНША ДАУЛАРДЫ БАЛАМАЛЫ ШЕШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/258

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық