Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына түсініктемеcc

Авторлар

  • Марат Асанұлы Естеміров

Кілт сөздер:

жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қатысушы құқықтары, сот практикасы, құрылтайшы, басқаруға қатысу құқығы, ақпарат алу құқығы, табыс алу құқығы, басқару органдарының шешімдерін даулау құқығы

Аңдатпа

Мақалада жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабында бекітілген басты құқықтарына түсініктеме берілген. Атап айтқанда, басқаруға қатысу, ақпарат алу, кіріс алу, басқару органдарының шешімдерін даулау секілді қатысушы құқықтары талданады. «Көкейкесті өзекті мәселе», «Шетелдік тәжірибе» секілді айдарларды қолдана отырып, автор оқырман назарын құқыққолдану тәжірибесінің өзекті сауалдарына аударады және бұл сауалдарды шешудің көршілес ресейлік құқық жүйесіндегі үлгілерін келтіреді. Отандық сот практикасында орын алған бірқатар корпоративтік дауларды мысалы ретінде ала отырып, автор осы түсініктемеде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бұрынғы қатысушысынан жаңа қатысушыға ауысатын құқықтар көлеміне талдау жүргізеді және құқыққолдану тәжірибесінің бірқатар өзекті мәселелерін шешудің жолдарын ұсынады.

Ақпарат талап ету жөніндегі қатысушының құқығын жүзеге асыруға қатысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тарапынан жасалған байламның логикалық бірізділік талабына сәйкес келмейтіндігіне мақалада назар аударылады. Серіктестік қызметінен табыс алу жөніндегі қатысушының құқығын жүзеге асырудағы тосқауылдарға көңіл бөлінген. Серіктестіктің басқару органдарының шешімдерін даулауға қатысты істердің корпоративтік даулар арасындағы ең кең таралған түрі екендігі атап айтылады. Мақалада басқару органдарының шешімдерін және осы шешімдердің негізінде жасалған серіктестік мәмілелерін даулаудың сауалдары да қаралған. Сонымен бірге, автор отандық сот практикасынан жаңа қатысушыға даулау құқығының ауыспайтындығын айғақтайтын істердіде көрсеткен.    

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Естеміров , М. А. . (2019). Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына түсініктемеcc. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/259

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық