РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_57Кілт сөздер:
құқықтық сана, құқықтық мәдениет, тәрбие, құқықтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру нысандары, құқықтық білім беру, құқықтық насихат, заң практикасыАңдатпа
Аталған мақалада құқықтық мәдениет ұғымы және азаматтар арасында құқықтық мәдениет деңгейін арттырудың негізгі бағыттары қарастырылған. Құқықтық мәдениет дегеніміз - тұлғаның құқықтың мәнін түсіне отырып, құқық нормаларына сәйкес өз іс-әрекетін бағыттай алуы, айналасындағы басқа адамдардың құқықтарына сыйластықпен қарай білуі. Құқықтық мәдениеттің түрлеріне нақты мысалдар келтіріле отырып сипаттама берілген. Авторлар мақаланың негізгі өзегі ретінде құқықтық мәдениетті арттырудағы құқықтық тәрбие мен білім беруді алған. Құқықтық тәрбие - бұл азаматтардың заңдарды құрметтеуге деген құқықтық саналарын қалыптастыру. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Елімізде жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Себебі, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - азаматтар арасындағы құқықтық сауаттылық деңгейінің төмендігі, құқықтық нигилизм, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар құқықтық тәрбиелеу процесін жүйелі түрде ұйымдастыруды қажет етіп отыр. Әсіресе, құқықтық тәрбиелеудің бірегей формасы - құқықтық білім беру азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыруда маңызы зор.Соның қатарында жас ұрпаққа құқықтық білім беру – оларды әр ісінде жауапты болуға, тәртіпке бағынуға, заңды құрметтеуге, өз құқықтары мен міндеттерін біліп, құқықтық тұрғыда сауатты және мәдениетті болуға баулиды. Мақаланы жазу барысында анализ, бақылау, нақтылау секілді ғылыми әдістер қолданылған. Авторлардың мақаланы жазудағы мақсаты – құқықтық мәдениетті арттырудың бағыттарын зерттеу. Зерттеу барысында авторлар қазақстандық және шетелдік ғалымдардың осы бағыттағы ғылыми құнды еңбектерін нақты қолдана отырып, кеңінен пайдаланып жазған.