ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ ЗАҢНАМАСЫН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ
Кілт сөздер:
қылмыстық процесс, қылмыстық-процестік құқық, ерекше іс жүргізулер, жария және жеке мүдделердің процестік кепілдіктер, сотқа дейінгі тергеу, қылмыстық қудалау, күдік келтіру, целеранттық іс жүргізу, процестік функциялар, прокурор, сот, қорғау тарапы, процестің жекелеген қатысушылары мәртебесінің мәселелері, дәлелдеу проблемалары, ақылға қонымды мерзім, судьяның тәуелсіздігі, алқабилер соты, ақпараттық технологияларАңдатпа
2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымжамасында қылмыстық-процестік заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар маңызды міндеттерді алдыға қойылған еді. Бүгінгі таңда олардың бәрі іс жүзінде шешілді – жаңа ҚПК әзірленіп, 2015 жылдан бері қолданылып келеді, ол тергеу және сот рәсімдерін оңайлату, жеделдету, қысқарту, қылмыстық процесті жүргізуші адамдардың процестік өкілеттіктерін ретке келтіру және шектеу, қорғаушы тараптың мәртебесін күшейту, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы барлық адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша көптеген новеллаларды енгізді.
Бұдан басқа, қазақстандық қылмыстық процесті қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу мен сот төрелігін атқарудың ойдағыдай байқаудан өткізілген үлгілеріне жақындататын жаңа құқықтық институттар, іс жүргізулер мен нормалар енгізілді. Тұтастай алғанда құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту басталып, белсенді түрде жалғасуда.
Сонымен бірге, априорилік көзқарасқа байланысты құқық қолдану практикасын байқаудан өткізу барысында көптеген заңнамалық шешімдер жеткілікті түрде пысықталмағанын немесе қылмыстық-процестік құқық теориясының орныққан ережелерімен, тергеу және сот практикасының сұраныстарымен үйлесім таппай отырғанын көрсетті, осыған байланысты бұлар әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. Қылмыстық процестің бұрынғы үлгісінен сақталып қалған басқа да олқылықтар бар.
Аталған Тұжырымдама шеңберінде атқарылған қомақты жұмысты қорыта келе, басты стратегиялық нұсқаудың шешілмегені, онда ұсынылған мемлекеттің тиімді қылмыстық саясатын қалыптастырып, жүргізуге ықпал ететін қылмыстық сот ісінің отандық ұтымды үлгісі жасалмағанын атап өту керек.
Мақалада авторлар таяу болашақта ұлттық қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтқан, олардың пікірінше, бұл ұсыныстар осындай үлгіні жасауға алып келмек. Бұл ретте мақала авторлары басталған жұмыс Қазақстанның заманауи тергеу және сот практикасының объективті қажеттіліктеріне есептелген салиқалы пікір ретіндегі қисынды жалғасын талап ететініне кәміл сенімді. Ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар құқық нормаларынан практикаға қарай емес, керісінше, практикадан (байқаудан өткізу, ілікті жобалар арқылы) құқықтық регламентацияға қарай икемделуге тиіс. Қылмыстық процесті реформалау бұрыннан орныққан қағидаттар мен қылмыстық процестің қисынына, құқықтық мәдениетімз бен қылмыстық-процестік құндылықтарды түсінуге қайшы келмейтіндей жүйелі түрде жүргізілуге тиіс.