ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕ АДАМ ӨЛТIРУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТУРАЛЫ ОТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Кілт сөздер:
қылмыстық заңнама, құқық қорғау, мүдделерді қорғау, жеке тұлға, Қылмыстық кодекс, қылмыстық жауапкершілік, өлтіру, адам сату, құл еңбегіАңдатпа
Осы мақалада авторлармен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдірудің кейбір мәселелеріне қатысты жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау саласы қарастырылды. Қылмыстық кодексінің құрылымын қайта қарау ұсынылады, соның ішінде адамның өміріне қол сұғушылыққа, сондай-ақ көптеген қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік, адамзаттың бейбітшілік пен қауіпсіздігіне назар аудару. Адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғауға, ұлттық және қоғамдық қауіпсіздік негіздеріне сонымен қатар адамзат қауіпсіздігін, мүдделерін қорғауға назар аудару қажет. Ерекше білікті қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін ең ауыр қылмыстық жауапкершілікті белгілеу ұсынылады, оның жасалуына кісі өлтіру қосылады.
«Қарақшылық немесе қорқытып алумен байланысты өлтіру», қорқытудың бір бөлігі ретінде көрсетілсін, бұл әрекет кісі өлтірумен қатар жүрсе «қорқытып алу» сияқты атрибуты бар кісі өлтірудің ауырлатуы осындай біліктілік белгісін көрсету ұсынылады.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және жеке адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ҚР ҚК-не «Адам саудасы» (128-бап) бабы енгізілді. Онда адамды пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік бекітілген, атап айтқанда 128-баптың бірінші бөлігінде, бірақ сонымен бірге ҚР ҚК 128-1-бабымен «құл еңбегін пайдалану» толықтыру ұсынылады.