ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ ҮШІН БЕЛГІЛЕНГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР САНКЦИЯСЫН ТАЛДАУ

Авторлар

  • Айнагүл Төкенқызы Кәріпова
  • Талғат Ғабитұлы Маханов

Кілт сөздер:

санкция, норма, айыппұл, бас бостандығынан айыру, еселік, шегі, әділеттілік қағидасы, сыбайлас жемқорлық қылмыс, қылмыстық кодекс, жаза

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін белгіленген балама санкциялар талданды. Санкция ұғымы мен мазмұны заң ғылымы саласы бойынша отандық, сол сияқты шетелдік бірқатар ғалымдардың көзқарасы бойынша қаралды. Еселенген сомадағы айыппұл түріндегі жазаның 1 жыл бас бостандығына мөлшерсіз баламалылығы мәселесін зерделеу, сондай-ақ көрсетілген эквивалентті пропорцияның құрастыру ережелері заңнамалық тұрғыда негізделмегендігі анықталды. Зерттеу барысында оның диспорциясы 2,8 және 10 аралығын құрады, бұл көрсетілген эквивалентті үйлесімділіктің болу тәртібін құрастыру үшін, қандайда бір заңнамалық негіз және жүйеліліктің жоқтығын көрсетеді. Авторлар айыппұлды төлеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша отандық тәжірибені негізге ала отырып, Германия, Испания, Молдова, Эстония елдерінің қылмыстық заңнамасына салыстырмалы талдау жасаған. Сонымен қатар авторлар басқа баптардағы көрсетілген кезеңдегі жекелеген 9 түрлі баптар санкциясындағы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның орташа көлемінің ауытқуын анықтады. Оған қоса санкцияның төменгі шегінен орташа жазаның барынша ауытқуы -2 және -3,8 жыл аралығын құрады. Авторлар жаза тағайындау барысындағы әділдік қағидасын қамтамасыз ету қажеттілігін ескерді, себебі баптар санкциясындағы оларды регламенттеу кезінде жүйеліліктің жоқтығынан қиындық тудыратын болады. Авторлар талдау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 40-бабы үшінші бөлігі редакциясына қосымша жаза түрі – «еселенген айыппұлды» енгізу бойынша толықтырулар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін белгіленген жаза түрлерінің шарттылығы мен түсіндірмелігіне қарай санкциялар шегін қайта қарауды ұсынып отыр.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Кәріпова, . А. Т., & Маханов, Т. Г. (2019). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ ҮШІН БЕЛГІЛЕНГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР САНКЦИЯСЫН ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/262

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс