ЕАЭО СОТЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕО СОТЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ, ҚАУЛЫЛАРЫ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: ұқсас және айыру белгілері
Кілт сөздер:
сот, шешім, қорытынды, қаулы, сот төрелігі, сот актісі, шарт, статут, ерекше пікір, судья, импичмент, адвокат, экзекватура, конвенция, интеграцияАңдатпа
Бұл мақалада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Соты мен Еуропалық Одақ (ЕО) Соты қабылдайтын шешімдерді, қаулыларды, қорытындыларды аналитикалық пысықтауды компаративистік құқықтық негізінде талдау ұсынылады. Екі соттың шешімдерінде ұқсас белгілер: мүдделі мүше мемлекеттер, екі интеграциялық бірлестіктердің заңды және жеке тұлғалары интеграциялық институттар шешімдерінің екі бірлестіктің құрылтай шарттарына қайшылығы туралы арыздар мен талап-арыздар беруге құқылы; екі сот тараптардың өтініші бойынша өздері қабылдаған шешімдердің мәнін түсіндіруге уәкілетті, сондай-ақ екі халықаралық сот инстанциясы да олар қабылдайтын шешімдердің мәтіндерін Бюллетень мен Хабаршыға орналастыра отырып, кең жұртшылыққа жеткізуге ұмтылады. Сот төрелігінің екі аймақтық халықаралық органдары шешімдерінің айырымдық ерекшеліктері ЕАЭО Сотының шешімі тікелей жататын субъектілер үшін міндетті, ал ЕО Сотының шешімі қаралған істің қатысушылары үшін ғана емес, сонымен қатар ЕО барлық мемлекеттері және болашақта ұқсас істер бойынша өзге де субъектілер үшін де орындауға міндетті; ЕО Соты айтарлықтай үлкен мәселе бойынша шешімдер, атап айтқанда, Одақ институттары мен лауазымды тұлғаларының дұрыс емес шешімдерін жарамсыз деп тану жөніндегі шешімдер, импичмент тәртібімен жоғары лауазымды адамдарды кетіру жөніндегі шешімдер шығарады, ал ЕАЭО Соты ұсынылған құзырет тар шеңберінде шешімдер шығарады. ЕАЭО Соты мен ЕО Соты шығарған қаулылар мен қорытындылардағы айырмашылық элементтері қаралды. Мақаланың шеңберінде шешім шығару және басқа да сот актілерін шығару мәселелері бойынша ЕАЭО Сотының қызметін ж