ТАҒЫДА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІККЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ с
Кілт сөздер:
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жарғылық капитал, жарғылық капиталдағы үлес, құқықтық жағдай, қатысушылардың жауапкершілігіАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы мен өзге де заң актілерінде қарастырылған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыларға жауапкершлік жүктейтін ережелердің сапалық мазмұны сараланған.
Заңнамада бірқатар мынандай жауапкершілік негіздердің бар екендігі көрсетілген: жарғылық капиталға салым салуды кешіктіру кезінде, серіктестікті құрумен байланысты және серіктестікті мемлекеттік тіркеуге алғанға дейін пайда болған, сондай-ақ серіктестіктің жарияланған жарғылық капиталынан серіктестіктің іс жүзіндегі жарғылық капиталының көлемін асырып жіберген кездегі, серіктестікті банкроттыққа ұшырату, сонымен бірге негізгі ұйымның еншілес ұйымның міндеттемелері бойынша жауапкершілігі.
Мәселен, ЖШС туралы Заңда және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына жасалған талдау нәтижесінде мынандай тұжырым туындайды, яғни егер серіктестіктің қатысушысы жарғылық капиталға салым салмаған жағдайда бұл міндет осы серіктестіктің өзіне жүктеледі. Бұл ретте, несие беруші мен борышкердің бір тұлғаға сай болуна байланысты мұндай міндеттеме өтеуге жатпайтындай жағдай туындайды.
Мақалада жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының жарияланған ең төменгі мөлшерден кем болуының құқықтық салдары сараланған.
Осы жағдайды құқықтық тұрғыдан реттеудің тетіктері сыни тұрғыдан талданып, қазір кезде мұндай жағдайды дұрыс шешу үшін бұрын заңнамада қарастырылған серіктестік қатысушыларынына субсидиарлық жауапкершілік жүктейтін ережеге қайта оралу ұсынылған.
Субсидиарлық жауапкершілік серіктестікті қасақана және жалған банкроттыққа ұшырату кезінде орын алуы мүмкін.
Негізгі ұйым мен еншілес ұйым арасындағы қатынастар, сондай-ақ еншілес ұйымдардың несие берушілерінің
берушілерінің қатысуымен болатын қатынастар сараланған.