ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Руслан Елубайұлы Жақыпов

Кілт сөздер:

саяси партиялар, конституциялық реформа, Парламент, Үкімет, модернизация, қызмет тұрақтылығы, саяси қызмет, мүшелі, сайлау комиссиялары

Аңдатпа

Қазақстандағы конституциялық реформалар президенттік басқару жүйесі жағдайында Парламент пен Үкіметтің, ал шын мәнінде саяси партиялардың саяси-құқықтық жағдайын арттыруға бағытталғандығын көрсетеді. Автор мемлекеттің партиялық жүйені нығайтудағы тұрақты трендін атап өтеді.

ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған саяси партиялар мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру процесіне тартылған. Саяси партиялар да сайлау комиссияларының жұмысына қатысады.

Жүйелі жаңғырту триадасын жариялаумен және іске асырумен Қазақстанның азаматтық қоғамы мен саяси жүйесінің институттары ретінде саяси партияларды күшейту үшін олардың мәртебесі мен қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру кезінде қабылдануы мүмкін заңнамалық шаралар осы мақалада ұсынылған. «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңына жүргізілген мониторинг нәтижелері келтірілген. Заңды талдау саяси партиялардың жұмыс істеу тұрақтылығына елеулі әсер ететін сыбайлас жемқорлық факторлары, сондай-ақ басқа да кемшіліктердің бар екендігін анықтады. Орталық және өңірлік деңгейлерде партиялық кадр резервін, партиялар жанындағы қоғамдық қабылдау орындарын толыққанды жандандыру және партиялық функционерлердің әлеуетін пайдалану қажеттілігіне назар аударылған.

Автор мақалада ұсынылған ұсынымдарды іске асыру арқылы көппартиялық жүйе сындарлы бола алатындығын, ал реформаларды жүргізу саяси партиялардың жалпыұлттық күн тәртібін құруға және ілгерілетуге белсенді әрі нәтижелі қатысумен қатар қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларын модернизация бойынша стратегиялық бастамалар мен мазмұнды ұсыныстар жасауымен сүйемелденетіндігін  көрсетеді.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Жақыпов, . Р. Е. . (2019). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/267

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг