Терминдік қорды жетілдірудің кейбір мәселелері

Авторлар

  • Жұмагүл Мұхтарқызы Тұрарова
  • Әлия Назарғалиқызы Кадирова

Кілт сөздер:

термин ұғымы, терминжасам, терминология мен терминдер мәселесі

Аңдатпа

Мақала «термин» ұғымын және терминдерді қолдануды жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған. Авторлар терминжасам және оны қолдануға қатысты қазақ тілші ғалымдарының тәжірибесін айта келе,    А. Байтұрсынұлының еңбектері туралы қысқаша баяндайды.

Сондай-ақ, қазақ терминологиясының қазіргі кезеңге дейінгі қалыптасқан тәжірибесі мен қолданыстағы терминдерді жетілдірудің сабақтастығын атап өтеді.

Заңнамада қолданылатын терминдерді жетілдіру мәселесі заңнама жүйесінде әрбір салаға тән төл және негізгі ұғымдарды іріктеу, сондай-ақ жаңа ұғымдарды жүйелеу, жалпыға ортақ нұсқасын пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қолданыстағы терминдер жүйесін қалыптастырумен байланысты екендігін баяндайды.

Атап айтқанда, авторлар оларды  терминологиялық сөздіктерді қолдануды үйлестірумен, заң жобаларын әзірлеу және заң жобаларының лингвистикалық сараптамасын жүргізу кезінде қажетті тілдік нормаларды сақтау талаптарын, терминдерді біріздендіру тәсілдерін қамтитын әдістемені әзірлеумен және осы шараларды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен және келісілген күш-жігерімен іске асыруды үйлестірумен байланыстырады.

Терминдерді жетілдірудің шаралары ретінде терминологиялық жұмыстардың теориялық және практикалық негіздерін (реттеу, жүйелеу, біріздендіру, стандарттау) ғылыми тұрғыда анықтауды атап өте отырып, авторлар сараланған салалық терминологиялық сөздіктердің терминдерді нақтылауда, ұғымдарды тұрақтандыруда әдістемелік құрал болатындығын көрсетеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Тұрарова, . Ж. М. ., & Кадирова, Ә. Н. (2019). Терминдік қорды жетілдірудің кейбір мәселелері. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/269

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан