ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Кілт сөздер:
әкімшілік жаза, әкімшілік қамаққа алу;, көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу, сот практикасыАңдатпа
Қоғамда орын алып жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтарға әкімшілік жазаларды тағайындау және қолдану барысында туындайтын мәселелердің болуы зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін арттырып отыр.
Мақалада әкімшілік жазалардың кейбір түрлері, атап айтқанда арнайы құқықтан айыру (нақтылағанда - көлік құралдарын басқару құқығынан айыру), әкімшілік қамаққа алу, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазаларын тағайындау және қолданудағы мәселелер қарастырылады.
Сонымен қатар мақалада сот тәжірибесінен келтірілген мысалдардан, әкiмшiлiк жаза тағайындау кезінде жеке тұлғаға қатысты жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiлмей жататындығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) кейбір абсолютті-анықталған санкциялардың бекітілуімен, сондықтан қолданылған әкімшілік жазаның әділ болмайтындығымен негізделеді және кодекстің кейбір баптарына сілтеме жасалады.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-тің Жалпы бөлігі мен Ерекше бөлігінің арасындағы сәйкестілікке қатысты да сұрақтар туындайтыны қарастырылады. Мысалы, ҚР ӘҚБтК-тің Жалпы бөлігінің 46-бабының 3-ші бөлігінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі алты айдан кем болмауға тиіс екендігі, ал Ерекше бөлігінің 610-бабының 1-ші бөлігінің санкциясы алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейтіндігі бекітілген.
Жалпы алғанда жоғарыда келтірілген жазаларды тағайындау және қолдануға қатысты ӘҚБтК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар беріледі.