ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ПАРАҚОРЛЫҚТЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕЛЕРІНІҢ ДАУЛЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

Авторлар

  • Алмагүл Рашитқызы Хасенова

Кілт сөздер:

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, пара алу, парақорлыққа делдал болу, пара беруші, парақорлыққа оқталу, оқталу, қылмыстық қарекетті имитациялау, «жалған делдалдық».

Аңдатпа

Мақала парақорлықты саралаудың құқық қолдану тәжірибесінде айтарлықтай қиындықтар туғызатын және қылмыстық-құқықтық теорияда бірмәнді шешім таппаған неғұрлым проблемалық мәселелеріне арналған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысы егжей-тегжейлі талданады. Парақорлықты саралаудың, автордың ойынша, аталған Қаулыда жеткілікті түрде қарастырылмаған жекелеген мәселелері қаралған.

«Заңсыз әрекеттер үшін пара алу» деген ауырлататын мән-жайды қолдану туралы мәселе зерттелді. Осы саралаушы белгіні қолданғанда сот тарапынан жіберілетін қателіктердің көптігі анықталды. Қаулыға істелуі ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі шегінде заңсыз деп бағалануы тиіс әрекеттердің толықтырылған тізімін енгізу ұсынылады.

Айтарлықтай, ірі немесе аса ірі мөлшерде пара алу-беруге оқталуды аталған мөлшерлерде алу-беру мүмкін болмаған жағдайда саралау мәселесі талданған. Қаулыда осы мөлшерлерде пара беруге/алуға оқталу сияқты әрекетті саралау жөнінде нұсқауларды бекіту ұсынылады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жағдайында қылмыстық қарекетті имитациялау нысанында істелген пара алуды саралау туралы мәселе егжей-тегжейлі қаралған. Пара алушы параның затын нақты қабылдағанда, бұл жағдайды аяқталған қылмыс ретінде саралау қажеттілігі негізделеді. Осыған байланысты Қаулыға тиісті толықтыру енгізу ұсынылады.

Мақалада парақорлықтағы «жалған делдалдықты» саралау мәселесіне көп назар аударылған. Мұндай әрекетті Қаулыда көзделгендей алаяқтық ретінде саралаудың жарамсыздығы негізделеді. Автор бұл қайшылықты қолданыстағы заңнама шеңберінде шешілмейді деп бағалайды. Оны еңсеру үшін Қылмыстық кодекске парақорлыққа делдалдық жасауға уәде бергені немесе ұсыныс жасағаны үшін аяқталған қылмыс ретінде жауапкерлік туралы норманы енгізу ұсынылды.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Хасенова, . А. Р. . (2019). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ПАРАҚОРЛЫҚТЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕЛЕРІНІҢ ДАУЛЫ ҚАҒИДАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/275