ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Достан Досмырза
  • Маней Хайбар

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_37

Кілт сөздер:

:кедендік әкімшілік жүргізу, сыртқы сауда қызметі, Еуразиялық экономикалық одақ, кедендік шекара, кедендік рәсімдер, тауарларды декларациялау

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының кедендік әкімшілік жүргізудің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қарастырылған. Сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық қызметтің дамуындағы кедендік әкімшілік жүргізудің рөлі көрсетілген. Кедендік әкімшілік жүргізудің заманауи жоғары технологиялық, ашық және тиімді жүйесін құру проблемасына ерекше назар аударылады. Кедендік әкімшілік жүргізуді жетілдірудің маңызды құралы ел экономикасына инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады деген идея негізделеді. Зерттеу міндеті ретінде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу және бақылау кезіндегі кедендік рәсімдерді жеңілдету мен кедендік операцияларды жеделдетудің негізгі бағыттары және кеден органдары қызметінің басқа перспективалық бағыттары тұжырымдалған.Сонымен бірге, авторлар Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы жобасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын жетілдіру және біркелкі қолдану қажеттілігі тұрғысынан және кедендік заңнаманың ұғымдық аппаратын қайта қарау қажеттілігі тұрғысынан қолдайды, бұл әзірлеушілердің пікірінше, Қазақстандық экономиканы әлемдік қатынастар мен сыртқы экономикалық қызмет жүйесіндегі байланыстарын арттыруға жаңа серпін береді.Мақаладағы қосымша ұсыныс ретінде авторлар «кедендік әкімшілік жүргізу» ұғымын кеден заңнамасында бекіту қажеттілігіне назар аударады, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кеден ісі саласындағы проблемаларды зерттеумен айналысатын ғылыми қоғамдастықтың өкілдерін қосу маңыздылығын тұжырымдайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2020

##submission.howToCite##

Досмырза , Д. ., & Хайбар, . М. . (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(63). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_37

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық