ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ СОТ ПРЕЦЕДЕНТІН ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Кілт сөздер:
сот прецеденті;, ағылшын құқығы, құқық жүйесі, сот жүйесі, сот шешіміАңдатпа
Мақалада автор Қазақстанның құқық жүйесіне сот прецедентін енгізу келешегіне талдауын ұсынады. Автор ағылшын құқықтың имплементациясының екі аспектісін белгілейді: 1) азаматтық заңнаманы жетілдіру; 2) Қазақстанның сот жүйесіне прецедентті енгізу. Сонымен қатар, ағылшын құқық – бұл бөтен құқықтық жүйе. Отандық соттар заңнаманы, тек қана заңнаманы ұстанады. Сот прецедентін құқықтың қайнар көздері деңгейіне шығару өте қауыпты. Прецеденттік құқық – бұл жәй ғана сот шешімдерінің жалпыға міндеттілігі емес, бұл құқық жүйесі. Әлбетте, заңдардың тармақталған жүйесі болған жағдайда бұндай құқық жүйесіныің болуы мүмкін емес. Осыған байланысты автор «прецедент» ұғымының «заңды талқылау прецеденті» - арнайы мағынасы туралы айтуға болатының көздейді.
Мақалада Ресейдің тәжірибесі ұсынылған. Автор оған талдау жасап нәтижелеріне сүйене прецедентті енгізу толығымен мемлекеттегі құқықтық жүйенің нақты жағдайларымен және ерекшеліктерімен байланысты екенін дәлелдейді. Прецедент континентальды құқық жүйесіндегі елдерде – бұл билік мәртебесі емес, бұл мәртебе билігі.
Қазақстан Республикасында сот прецедентін енгізу мәселелерін қарау барысында автор «Үлгі» концепциясының, оны қабылдауға жол бермейтін, елеулі жетіспеушіліктерінің бір қатарын көрсетеді.
Мақалада, осы күні Қазақстанда сот прецедентін енгізуге негіздемелердің де, нақты жағдайлардың да жоқтығы туралы қортынды жасалынды. Дегенмен, автор, деректі істер бойынша Жоғары Сот қаулылары сызаттанып көрнекті-үлгілі сот шешімдері, бір типті істерді қарау барысында Қазақстанның барлық соттары колданатын шешімдері болуға тырысу қажеттілігін баса айтады. Алдағы уақытта бұл шешімдерге барлық соттар үшін міндетті күшін беруге болады, және бұл прецедент сықылды немесе квази-прецедент болады.