СОТТАР МЕН ТӨРЕЛІКТЕРДІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Майдан Күнтуарұлы Сүлейменов
  • Әсел Ерікқызы Дүйсенова

Кілт сөздер:

төрелік, сот, құзыретін шектеу, төрелік келісім, төрелік шешім

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада сот және төреліктердің өзара әрекеттестігінің теория және тәжірибелік негізгі мәселелері қаралуда. Авторлар, ҚР Азаматтық іс жургізу кодексі қолданылатын, мемлекеттік соттың және төреліктің өзара әрекеттестігінің тек төрт жағдайлардың болуын көздейді: 1) құзыретін шектеу: жалпы ереже бойынша, төрелік ескертпе болған жағдайда, мемлекеттік сот дауды қарауға құқылы емес; 2) төрелікке қойылған талап-арызды қамтамасыз ету; 3) төрелік шешімдерін болдырмау; 4) төрелік шешімдерді мәжбүрлеп орындау. Мақалада сот және төреліктердің өзара әрекеттестігінің үш негізгі жағдайы және олармен байланысты төрелік заңнаманы соттардың қолдану тәжірибесіндегі жекелеген мәселелер қаралады.

Осылай, авторлар төрелікпен соттың арасында құзыретін шектеу барысында пайда болатын жекелеген ерекше өзекті мәселелерді көрсетеді: патологиялық төрелік ескертпелер; «құзыретінің-құзыреті» қағидасы (доктринасы); төрелік туралы Заңның 8 бабының 4 тармақшасын колдану мәселесі; жылжымайтын мүлікті кепілге беру шарттарынан туындайтын даулардың төрелік бағыныштылығы.

Мақалада төрелік шешімдерді болдырмау саласындағы сот және төреліктердің өзара әрекеттестігінің мәселері көрініс тапты:  В статье также нашли отражение вопросы взаимодействия судов и арбитражей в сфере отмены арбитражных решений: төрелік шешімдерді болдырмау субъектілері; болдырмау туралы өтініш-хатты қарау кезінде төрелік шешімді мәні бойынша қайта қарауға жол берілмеушілік; төрелік құрамының немесе істі қарау төрелік рәсімінің тараптар келісіміне сәйкес келмеуі; халықаралық құжаттарда қарастырылмаған төрелік шешімдерді болдырмау негіздері; Казақстан Республикасының жариялық тәртібіне қайшы келуі.

Сонымен қатар, авторлар төрелік шешімдерді тану және мәжбүрлеп орындау саласындағы сот және төреліктердің өзара әрекеттестігінің мәселелін қарайды: төрелік шешімдерді танудың және мәжбүрлеп орындаудың жалпы мәселелері; ішкі төрелік шешімдерді мәжбүрлеп орындау; шетелдік төрелік шешімдерді тану және мәжбүрлеп орындау, және төрелік шешімді тануда және (немесе) іске асыруда бастарту үшін негіздемелер.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Сүлейменов, . М. К., & Дүйсенова, . А. Е. (2019). СОТТАР МЕН ТӨРЕЛІКТЕРДІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/282

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық